Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қоршаған орта
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мысық пен итті қалай күтеді?
Мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға үй жануарларының тіршілігі туралы мағлұмат беру. Ит пен мысықтың тіршілік етуіне не қажет екенін
түсіндіру;
ә) дамытушылық: түрлі тапсырмалар арқылы ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Жүйелі ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: жануарларды күтіп қорғауға баулу. Табиғатты, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жұптық, топтық тапсырмалар, ойын құралдары.
Техникалық құрал: мультимедиялық құрал

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық:
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатпен дос болып,
Қамқорлықпен қараймыз.

ІІ. Өткенді еске түсіру
ә) Ойын: «Суретті толықтыр».
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын шыңдау.
Шарты: тақтада кейбір элементтері жоқ суреттер ілулі тұрады. Оқушылар «жоғын» тауып жұптастыруы шарт. Оны дәлелдеп сөйлейді.
- Балалар «Суретті толықтыр» ойынын ойнаймыз. Онда тақтадағы суреттерді толықтырып және сол сурет бойынша не білетінімізді айта кетейік.
б) Белгі бойынша жұмыс істеу (жұпта жұмыс жасау).
- Балалар, белгі бойынша алдарыңдағы конвертті ашып, жұпта жұмыс жасайық.

ә) Сергіту сәті
Гүл өсіріп аулаға
Баптап, суды құямын.
Жануарға жем беріп,
Мен қамқоршы боламын.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Топтық тапсырма
Ойын: «Сиқырлы қарлар».
Мақсаты: оқушылардың топта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Шарты: оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа қар ұлпалары беріледі. Ішінен буын, сурет қималарын құрастыру.
- Бірінші, екінші топ, мына қар ұлпаларының ішінде буындар жасырылып жатыр, солардан сөз құрастырыңдар.
- Үшінші топ сендерде сурет қималары бар, соларды құрастырайық.
- Ал, балалар қандай сөздер шықты және суреттер болды.
- Мысық, ит.
- Олай болса балалар бүгін біз мысық пен итті қалай күтетінін үйренеміз.
(суреттер тақтада ілінеді). Балалар оқулық бойынша суреттерді әңгімелейді.

ә) Мұғалім сөзі: мысыққа үш мезгіл тамақ береді. Мысық жіппен ойнағанды ұнатады. Оның өзінің жататын орындары болады. Мысықты айына бір рет өзіне арналған су сабынмен шомылдырады. Жануарлар дәрігері мысықтарға жылына бір рет дәрілер егіп тұрады. Өзіне арнайы арналған ыдыстарымен тамақ ішеді. Мысықтарда бүргелер болмау үшін, 3 ай сайын дәрілер беріп тұрады.
Иттердің өздеріне арналған қарғы баулары, басқа адамдарды қаппау үшін тұмсығына кигізіп қоятыны, үстін тарап тұратын тарақтары, өзінің тамақ ішетін арнайы ыдыстары болады. Жататын орны, ойнайтын доптары болады. Ит сүйек, еттерді жақсы көреді. Оның да өзіне арналған сабыны, дәрілері болады. Ит - адамның досы, жеті қазынаның бірі. Адамға көмекші, қорғайды. Оларға арналған ойын алаңдары бар.

б) Сергіту сәті.
Алдында үйдің,
Тұр еді бір мысық.
Қасына келді,
Бір күшік үріп.
Біреуі мияулап,
Біреуі ырылдап.
Секіріп, қуанып
Кетті олар достасып.

ІV. Жаңа сабақ
а) мультимедиялық құралмен жұмыс
Ит пен мысықтың түрлерін көрсету.
ә) мысық пен иттің пайдасы мен зиянын сұрау.
б) «Бояулар сыры» ит пен мысықты бояу.

V. Қорытынды
а) Ойын: «Қажетті заттарын табайық»
Мысық пен иттің өзіне қажетті заттарын сызықтар арқылы қосайық.
ә) Сұрақ – жауап:
Бүгін біз не үйрендік?

VI. Бағалау
Оқушыларды мадақтау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама