Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы
Сабақтың мақсаты: гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және қос және дара жынысты гүлдерді практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – гүл формулаларын және оларды қос және дара жыныстарын ажырата білуге толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақ түрі: аралас, ойын.
Әдісі: сұрақ – жауап, дәріс - сұхбат, баяндама.
Құрал – жабдықтар: гүл құрылысының макеті, интерактивті тақта, қосымша суреттер.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру бөлімі
«Ер дәулеті - еңбек» бөлімі - өткенді қайталау
«Ырыс алды – ынтымақ» - негізгі бөлім
«Бәрін білгім келеді» - қорытындылау («Алтын қақпа» ойыны арқылы)
«Бейнет түбі – зейнет» - бағалау
Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыруы:
1. Оқушылармен амандасып,
2. Жоқ оқушыларды түгендеу,
3. Зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. «Ер дәулеті - еңбек» өткенді қайталау
Жалпылама сұрақ қою арқылы.
Гүл дегеніміз не? Гүлді не мақсатта қолданамыз?
Гүлдің негізгі бөліктерін ата?
Гүл сағақ, гүл табан қандай қызмет атқарады?
Тостағанша және күлте қандай қызмет атқарады?
Аталықтың құрылысы және қызметі қандай?
Аналықтың құрылысы және қызметі қандай?
Гүл серігі деп қандай бөліктерді атайды, ол қалай бөлінеді мысалмен дәлелде?

ІІІ. «Ырыс алды – ынтымақ» - негізгі бөлім
Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ) – қосжынысты. Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді.
Аталық гүлдері мен аналық гүлдері бір өсімдікте болса онда бірүйлі дейді (жүгері, асқабақ) Аталық гүлдері бір өсімдікте, аналық гүлдері 2 өсімдікте болса екі үйлі дейді (қалақай терек). Жыныссыз гүлдер де жыныс мүшелері дамымайды (күнбағыс, гүлкекіре).
Гүл формуласы.
Формула дегеніміз гүл құрылысындағы, гүл бөліктерінің атын бас әріппен белгілеу.

Тосғағаншасы - Са (Calex) “Т”
Күлтесі - Со (Corolla) “К”
Жай гүлсерік - Р (Perigonium)
Аталық – А (Androeceum) “А”
Аналық – G (Gynoeceum ) “Ж”
Аталық гүл -♂
Аналық гүл - ♀
Қос жынысты –
Дұрыс гүл - *-+
Бұрыс гүл - ↑, %
Гүл бөлімдері біріккен болса ( )
Көп болса - ∞
Гүл бөлімдер екі шеңбер бойында орналасса, сандарының арасына (+)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама