- 05 қаң. 2020 00:00
- 191
Қос келіншек (III нұсқа)
Ел жайлауға шыққанда бір өзеннің екі жағында екі келіншек өмір сүріпті. Екеуінің де аты Шәрипа, екеуі де домбырашы екен. Екеуі өзеннің екі жағында отырып күйімен амандасып, сырласады екен. Содан біреуі «Күнгей Шәрипа», біреуі «Теріскей Шәрипа» аталып кетіпті. Бір жылы жайлаудан түскенде екеуі де бір мезгілде қайтыс болыпты. Сол оқиғаға орай, қос келіншекке арнап домбыраны тел бұрауға салып тартқаны.