Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қош бол, бастауыш!
«Қош бол, бастауыш!»
Көрініс: 1 - жүргізуші:
- Иә, балалар осындай сәт бәріміздің басымыздан өткен болатын. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың деген сірә, осы болар.
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі оқушыларымыз мектеп табалдырығын аттап еді.
2 - жүргізуші:
Иә, біз алғашқы күннен бастап ұстазымызбен танысып, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйрендік.
1 - жүргізуші:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
2 - жүргізуші:
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген - бір мұрат.
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген - бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
1 - жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 - сыныптарды ортамызға!
4 «А» сыныбы және сынып жетекшісі: ----------------------
4 «Г» сыныбы және сынып жетекшісі: -------------------
2 - жүргізуші:
Қоштасу тойын бастайық
Ән мен биге басайық
Өнерлерін көрсетіп
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық
«Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама