Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қош бол, құтты Әліппе
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппе»

Мақсаты: Оқушылардың Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, өздерінің сауатын ашқан кітабы «Әліппеге» байланысты өлең тақпақтарын мәнерлеп оқу, өнерлерін көрсету.
Көрнектілігі: нақыл сөздер, интербелсенді тақта, шарлар, суреттер, қима әріптер
Өтілу барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Балалар екі - екіден кіреді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Аяулы да ардақты ата - аналар! Міне, бүгін біз барлық білім атасы, біздің болашағымыздың негізі, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.
Балалар осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп, ән - күймен, өлеңдермен, жұмбақтармен, мақал - мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін көрсетейік.
(интербелсенді тақтадан көрсетілім)
- Бұл Әліппенің ерекшелігі Елбасы Н. Назарбаевтың ертеңгі болашағымыз егеменді еліміздің іргесін нығайтушы балаларға «Айналайын» сөзімен басталып тұр.
(«Айналайын» сөзін оқып беру)
- Балалар сендер елбасына, ұстаздарға, ата - аналарға жақсы оқып, отанын, елін қорғайтын жігерлі де, білімді азамат болып өсуге уәде бересіңдер ғой.
- Иә, уәде береміз.
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.
- Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті ӘЛІППЕ
Мұғалім: Олай болса, өздерін алғаш қолдарыңа ұстаған аяулы Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе!
Ортаға Әліппе мен Математика келеді.

Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ұстаздар, ата - аналар!
Болашаққа жол бастар
«Әліппен» келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
- Иә, балалар мен сендердің осы жыл бойы алған білімдеріңді «Мектеп кеме, Білім теңіз» дегендей білім теңізіне құйып, әрі қарай дамытып, көп нәрселерді үйренеді деген үмітпен келіп отырмын.
Мұғалім: Иә Әліппе, бүгін балалар білімің де, өнерлерің де ортаға салмақ.
Топтық би: Балдәурен ( Ақжол, Қ. Мәдина, Назым, Қ. Арайлым, Жанерке, Жансая)
Мұғалім: Әліппе сіздің «сиқырлы әріптеріңізбен» білім теңізіндегі «Алтын балық Айбалық» туралы ертегіні баяндап берейік.
Әліппе: Қане тыңдайық.
(Қолдарына әріп жазылған шарды ұстап тұрып, оқушылар ертегіні өлеңдетіп айтып береді «Алтын сарай» тұрғызады).

Аружан: Айдай алып Айбалық
Айдай жарық Айбалық
Аспай - саспай жайланып
Айналасы барлады
Алтын сарай салғалы
Ақыл қосар жолдас көп
«Асықпасақ болмас» деп
Асар жасап ақыры
Ағайынын шақырды.

Жанасыл: Әтеш балық сайрап жүр
Әнші еді қандай бұл!
Әне - міне дегенше
Әркім қолдан келгенше
Әрлі нәрлі іс қылды
Ә, дегенше іс қызды.

Балнұр: Балға балық түріп жең
Бел бүкпеді күнімен
Бағанасын сарайдың
Болды өзі қалайтын
Балға балық ол дағы
Бастаманы қолдады
Бірі шеттеп қалмады
Берекелі іс жалғанды.

Мәди: Зерлі күмбез мұнара
Зорайып тым ұзара
Зәулім сарай жарқылы
Зеңгір көкке шарпылды
Заулап уақыт ағады
Зерлеп алтын сарайды.

Арайлым: Ваху балық бұл дағы
Вестюбиль салып тынбады
Вахтаға қонып ақыры
Веранданы да қатырды.

Максим: Үдете түсіп барлық іс
Үлгілі тынды әр жұмыс
Үмітті күндер молайды
Үлкен үй сарай зорайды

Жансая: Гаухардан Ақ сарайға
Гүлзар керек қалайда
Губан балық гүл екті
Гүл алаңын гүлдетті
Гүлзар қандай бақ қандай!
Гүл жайнады Ақ сарай!

Ақжол: Түсте жұртта дамыл жоқ
Түнде де лаулар жалын от
Тынымсыз еңбек тынбады
Табан шалғы шыңдады
Тынымсыз еңбек қайнады
Төңірек гүлдей жайнады!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама