Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қош келдін алтын күз
«Қош келдін алтын күз»

Зал әсем безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:
Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз.

Құрметті қонақтармен ата - аналар және балалар бүгінгі «Қош келдің алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Аяжан: Мерейлі күз мырза күз,
Сыйлығына ырзамыз.
Аппақ арай таңыңдай,
Шомыламыз нұрға біз.

Айзада: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

Томирис: Қыстың жақын болғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.

Ән орындалады: «Autumn (Fall) Song for Children - Simple Song to
Learn English – ESL»

Жүргізуші: Балалар, қазір жылдың кай мезгілі (КҮЗ)
Балалар бізге қонаққа кім келе жатыр қарайықшы.
Саз әуенімен Күз ханшайымы кіреді.
Жүргізуші: Қош келдіңіз Күз ханшайымы, келіңіз төрлетіңіз.
Біздің сәбилеріміздің дайындаған биін тамашалаңыз.

Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Біздің сәбилеріміздің дайындаған тақпақтарын қабыл алыңыз

Дәулет: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бал дәмім.

Гауһария: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қонақбай: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.

Күз ханшайымы: Ой балалар, Жарайсыңдар қане ендігі кезекті ойынға берейік.

Балалармен ойын: «Жапырақтарды жинау».

Мақсаты: жапырақтарды түсіне қарай ажыратып жинау.

Ән орындалады: «Жау жау – жаңбыр»

Жүргізуші: Уа халайық,
Алыс жерден келіпті.
Күзгі тойды көргелі,
Жер ана, Дихан ата, Дихан бала келіпті.
Олай болса сөз кезегін берейік.

Жер ана, Дихан ата, Дихан балаға

Ділназ:
Жер ана Жер анамын көпті көрген көнемін,
Ғасырлардың сақтап қалған дерегін.
Кімдер мені мәпелесе мейіріммен,
Соған ғана байлығымды беремін.

Төремұрат:
Дихан ата Осы болды қалаға жеткенім,
Сендерге айтар аманатым көп менің.
Қаладағы өркендерім ешқашан,
Ұмытпаңдар бабалардың кетпенін.

Мұратжан:
Дихан бала Маңдай тері дихан деген қауымның,
Берекесі қаламенен ауылдың.
Күз тойында айтар тілек әр қашан,
Үстіменен жүрмеңіздер ауырдың.

Жүргізуші: Жер ана Дихан ата Дихан бала
Біздің сәбилеріміздің дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Құралай: Алтын сары қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ахмедияр: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді әр ісімен,
Риза етіп халқын күз.

Асылай: Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап.

Жәнібек: Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті,
Қолы ашық періште.

Жер ана: Айтыңдаршы жерде не өседі
Балалар; Жуа, картоп, сәбіз, қырыққабат, т. б

Жүргізуші: Құрметті қонақтар енді кішкентай балаларымыздың күзгі кешке дайындаған сәнді көйлектерін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Құрметті қонақтармен ата - аналар «Қош келдің алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз қош сау болыңыздар...

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама