Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қосындыдан санды азайту тәсілі
Бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы

Математика 2 сынып
Тақырыбы: Қосындыдан санды азайту тәсілі
Сілтеме: жоспар, презентация.
Мақсаты: санды қосындыдан азайту тәсілімен танысады, есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: санды қосындыдан азайту тәсілдерін біледі, есептерді әртүрлі тәсілмен есептер шығарады.
Сабақтың әдісі: көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ - ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; «Кім жылдам?», «Тыңдап отырған үштік», «Мозайка», «Ыстық орындық» әдістері.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін - өзі тану, музыка, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, бағдаршам суреттері
Дереккөз: оқулық, оқыту әдістемесі, ресурстар
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық
Мұғалімнің іс - әрекеті
Тренинг «Өрмекші торы»
Жіпті өзімнен бастап, келесі оқушыға өзімнің жақсы қасиетімді айтып өрмекші торын құрамыз, содан кейін жіпті жинар кезде бір - бірлеріне тілек тілейді. Стикерге президент және әнші аттарын жазу арқылы топқа бөлемін.

Ережені еске түсіру:
1. Тыныштық сақтау
2. Бірін - бірі тыңдау
3. Өз ойын ашық айту
4. Уақытты үнемдеу
5. Қол соғу
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, сондықтан сабағымыз тілектер және адам бойындағы жақсы қасиеттермен тығыз байланысты.
Бірін - бірі критерий арқылы бағалату ( )
Денсаулық
«Денсаулық - зор байлық»
«Кім жылдам?» ойыны.
Екі тапсырманың айырмашылығын айту арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айтқызу. Екі топ бір - бірін тексереді.

Дәптерге күнді, айды жазғызу
«Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды»
Оқулықтағы 2 есепті интербелсенді тақта арқылы оқушыларға түсіндіру.

«Өзіңді сыйласаң - сыйымды боларсың»
«Тыңдап отырған үштік» әдісі
Топта 3 оқушыдан отырады. Яғни сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы. Есеп 3 86 - бет
Әртүрлі тәсілмен есепте
І топ: (7+6)- 5, (4+8)- 3
ІІ топ: (5+6)- 4, (8+7)- 6
«Пингвиндер» биі

«Шыдамдылық кез келген кедергіні жеңеді»
Үй жұмысын тексеру
Есеп 4 85 - бет.
Спорт дүкеніне 30 шығыршық, 20 секіртпе және 50 доп әкелінді. Спорт дүкеніне барлығы неше спорт бұйымы әкелінді?
Постермен жұмыс (екі топқа бірдей тапсырма)
Есеп 4 87 - бет
Есепті оқы және шығар
Аулада 8 ақ және 7 қызыл раушангүл өсіп тұр. Гүлшоғын құрастыру үшін 5 раушангүл қиып алынды. Аулада неше раушангүл қалды.
Бұл есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға болады. Біреуін сен шығарып қойдың. Есепті шығарудың басқа тәсілін іздестіріп көр. Суретке қара. Раушангүлдің қандай түстері қиып алынуы мүмкін? Есептің әр жағдайда қалай шығарылғанын түсіндір.
1 - тәсіл: (8+7)- 5
2 - тәсіл: (8 - 5)+7
3 - тәсіл: (7 - 5)+8
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
«Ыстық орындық» әдісі
І топ: Қоймада 60 қап күріш және 40 қап жарма болды. Асханаға 30 қап жөнелтілді. Қоймада неше қап қалды?
ІІ топ: Саяхатшылар қалаға дейін 3 сағат автобуспен, 7 сағат пойызбен жүрді және 5 сағат қайықпен жүзді. Олар барлығы неше сағат жолда болды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама