Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қосындыны санға бөлу тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін оқушының белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау барысында шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру.
3. Коррекциялық: Математикалық тілін, сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
4. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, білімпаз болуға, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І Қызығушылықты ояту.
- Екі көз не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
- Екі қол не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
- Екі құлақ не үшін керек?
Ақыл, кеңес тыңдау үшін.
Олай болса балалар бүгінгі сабақта жақсы қатысып, өз білімімізді көрсетейік.

Оқушыларды топқа бөлу, топтың атауын "Зейінділік" ойыны арқылы табу.
Зейінділік ойыны:
ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк жазбасындағы Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (еңбек).
ОИтАЫІӘлАЭЮЫЕПОЫӘО жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (талап).
ОИБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы І әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (білім).

І топ «Еңбек»
ІІ топ «Талап»
ІІІ топ «Білім»

ІІ Миға шабуыл.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Сен - маған, мен - саған» ойыны. Үш топтың басшылары доп лақтыру арқылы бір - біріне сұрақ қояды.(сөз таптары туралы)
1. Көбейтудің компоненттерін ата
2. Бөлудің компоненттерін ата
3. 1 дм неше см бар?
4. 1 тәулікте неше сағат бар?
5. 1сағатта неше минут бар?
6. Көлемді қалай табамыз?
7. 2 - нің кубы нешеге тең?

Ауызша жұмыс
Ойын «Брейн – ринг»
Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
- Әжей қалаға бара жатып қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді. Олардың әрқайсысында бір - бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
- Торда 4 қоян бар еді. Осы қояндарды төрт бала бір - бірден сатып алды, біреуі қалып қойды. Неліктен бұлай болды?
- Қаз 2 аяғымен тұрған кезде, оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.
(6+9); 3 *6: 3+9: 3өрнекті салыстырамыз. Нәтижесінде өрнектің оң және сол жағы тең. Демек өрнек тең.
Қосындыны санға бөлудің екі тәсілі бар
1 - тәсіл Бірінші қосылғыш 6 - ны 3 - ке бөлеміз, екінші қосылғыш 9 - ды 3 – ке бөлеміз. Нәтижелерін қосамыз. 6: 3+9: 3=2+3=5
2 - тәсіл Ең алдымен жақшаның ішін орындаймыз. Шыққан нәтижені санға бөлеміз
(6+9): 3=15: 3=5
Демек, қоосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға; қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.
Тақтамен жұмыс. Бөлу қалай орындалған? Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді пайдаланып түсіндіру
1)(10+6): 2=16: 2=8
2)(10+6): 2=10: 2+6: 2=8

Әр топ өрнектің мәнін екі тәсілмен табады
(14+16): 2
(25+15): 5
(36+18): 6
(24+12): 4
(40+16): 8
(21+9): 3

Оқулықпен жұмыс:
№6 Салыстыр.
(18+14): 2 * 18: 2+14
45: 5+20: 5 * (45+20): 5

Сергіту сәті
Бір, екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Жүгірейік, жүгірейік,
Аяқты ұшынан басайық.
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Партамызға жайғасайық,
тып – тыныш.

№7. Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығар.
1) 12кг қияр мен 15кг қызанақ банкаларға 3 килограммнан бөліп тұздалды. Неше банка қажет болды?
Шешуі: (12+15): 3=9
12: 3+15: 3=4+5=9

Математикалық диктант
Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тапқызу
1) 75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр
2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт
3) 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт
4) 420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр
(Әр қатардан 1 оқушы оқып, нәтижесі тексеріледі)

№10
Теңдіктер тура болатындай еті, бос орынға арифметикалық амалдар таңбасын және жақшаларды қой:
45 _ 54 _ 9 = 11
56 _ 49 _ 7 _ = 15
2 _ 3 _ 1 _ 3 = 1
3 _ 5 _ 2 _5 = 1

V. Қорыту.
1) Қосындыны санға қалай бөлуге болады?
2) Сабақта жаңадан нені білдіңдер?
3) Басбармақ.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама