Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қосындыны саннан азайту
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы
№ 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Пән:Математика
Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны саннан азайту. Есепті әртүрлі тәсілдермен шығару

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қосындыны саннан азайту тәсілдерімен таныстыру; әртүрлі тәсілдермен шығарылатын мәтінді есеп материалдары негізінде осы тәсілді қайталау;
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, ойша есептеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материялдар т.б.
Сабақтың жүрісі

Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Тірек білімдерін жетілдіру:
1. Жоғарғы қатардағы қосуды орында
33+7
7+33
45+13
13+45
77+12
12+77
66+3
3+66
70+23
23+70
- Төменгі қатарда жазылған өрнектердің мәнін есептеу қажет пе?(Балалардың жауабы былай болуы тиіс: жоғарғы қатардағы жауаптарды пайдалануға болады.Қосылғыштар бірдей, біз тек қана орындарын ауыстырдық). Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдана отырып, қайта есептеудің қажеті жоқ.

2. Қосуды тиімді тәсілмен есепте:
9+8+1
32+5+3
7+7+3
8+83+2
- Есептеу үшін біз қандай ереже қолдандық?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді

3. Өрнектерді әртүрлі оқы:
45- (2+3)
52+ (1+2)
(4+10)-6
(18-6)-5
Жаңа материалмен таныстыру
- Балалар, бұл қорапта 14 текше бар. (санаймыз) Ойын кезінде Арман мен Асыл текшелерді алды. Арман 5 текше, ал Асыл 4 текше алды. Қорапта неше текше қалды?
14-(4+5) =5
14-4-5-=5
14-5-4=5
- Балалар бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
- Қосындыны саннан әртүрлі тәсілдермен азайтуға болады:
- алдымен қосындыны есептеп, содан соң оны саннан азайту;
- бірінші қосылғышты, содан соң екінші қосылғышты азайту немесе керісінше.
Ары қарай осылардың ішінен ең тиімді есептеуді табу. Мысалы, 14-4-5 өрнегі есептеу жағынан ең тиімдісі болып табылады.

Өтілгенді пысықтау
1-123 бет
15-(5+2)=15-7=8
15- (5+2)= (15-5)-2=8
15-(5+2)= (15-2)-5=8 Есептеудің әртүрлі тәсілдерін түсіндір.
2-123б
Сыныпта-26 оқушы
Қайтып кетті: 6 ер бала және 10 қыз бала
Қалғаны -?
Шешуі: 26- (6+10) =10
26-6-10= 10
26-10-6= 10
Жауабы: Ұзартылған күн тобында 10 оқушы қалды.
3-123 бет
Болғаны-87
Кеткені-15 және 12
Қалғаны -?
Шешуі: 87 – (15+12)= 60
87-15-12= 60
87-12-15=60
Жауабы: Қалғаны 60 адам

Өтілген материал бойынша істелетін жұмыс.
4-тапсырмадағы өрнектерді салыстыра отырып, балалар қандай жағдайда теңсіздіктер құрамына кірген өрнектердің қайсысының мәнін есептеу қажет, қайсысын есептемей –ақ бірден таңбаны қоюға болатынын анықтайды.
5-124 бет
70 мин = 1сағ 10 мин
5дм 6см = 56см
2тәул. 5сағ = 53сағ
2тәул = 48сағ
1сағ 30 мин = 90 мин
67см = 6дм 7см
Ізденіске жетелейтін тапсырма: + - таңбаларын тиісті жерлерге қой
(37 * 2) * 4 =35
(37 * 2) * 5 +30

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: 7-124 бет

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама