Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қосу және азайту 243+526, 769 - 526
Қосу және азайту. 243+526, 769 - 526
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (3 сынып)
Осы сабақтағы оқу мақсаттары: Арифметикалық амалды сандар және шамаларға қолданып есептеулер жүргізеді, қосу және азайту амалдарын қолданып жазбаша есептейді.
Әдіс - тәсілі: Топтық, жұптық, жеке жұмыс, конверт сұрақ, сандар үйшігі, элективті тест
Жетістік критерийлері: Барлық оқушылар орындай алады:
Сандарға амалдар қолданып ауызша және жазбаша есептейді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып тапсырманы орындайды
Берілген заттың ауданын есептей алады
Кейбір оқушылар: Нәтижені түсіндіре алады, амал компоненттерінің аталуын атқаратын қызметіне қарай жіктей алады, берілген тапсырма негізінде жақшалы өрнекті дұрыс құрады.

Басы 0 - 6 минут
1. Осы күні сыныптағы оқушылардың санын білу және оқу құралдарының әзірлігіне, көңіл – күйлеріне мән беру.
Оқушыларға жағымды ахуал тудыру.
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат 2
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық
Топқа бөлу: барлық оқушыларға суреттер таратылып беріледі күн, бүркіт, ою суреттері арқылы топқа бөлу
Балалар біз бөлінген суреттер қай жерде барлығы бірге кездеседі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туында кездеседі
- Балалар біз тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойлаймыз
- 25
- Біздің тәуелсіз мемлекетіміз 25 жылдың ішінде әлемге танылды. Көптеген жетістіктерге жетті.
- Болашақта 2050 жылы Қазақстан қандай мемлекет болады деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар,
біз берілген 7 құндылықпен танысамыз және 2050 жылы Қазақстан қандай мемлекет болатындығын білеміз. Ол үшін тапсырмаларды орындайық.

Ортасы
7 - 40 минут
1 - құндылық тапсырмасы
Оқушыларды түстер арқылы үш топқа топтастырамын
С деңгей
Бір таңбалы сандар жаз
Өрнек құрастыр
Өрнектің мәнін тап
В деңгей
Екі таңбалы сандар жаз
Өрнек құрастыр
Өрнектің мәнін тап
А деңгей
Үш таңбалы сандар жаз
Өрнек құрастыр
Өрнектің мәнін тап
Бағаланады: Амалдадың дұрыс орындалуы
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
1 - мысал
Сандарды баған түрінде жаз және мына алгоритм бойынша амалдарды орында 5 минут
243+526жазамын
Бірліктерді қосамын 3+6=9
Ондықтарды қосамын 4+2=6
Жүздіктерді қосамын 2+5=7
769 - 526
Бірліктерді азайтамын 9 - 6=3
Ондықтардан азайтамын 6 - 2=4
Жүздіктерді азайтамын 7 - 5=2
Жауапты оқимын 769 - 526=243

2 - құндылық тапсырмасы
Жұппен жұмыс
152+435
783 - 251
579 - 327
463+214
373 - 261
262+624
694 - 373
421+338
128+721
785 - 462

Бағаланады: айтылым және жазылымның дұрыс орындалуы
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
3 - құндылық тапсырмасы
Тақтамен жұмыс
2 - мысал Теңдеуді шеш
х+213=894 -------------------- х - 233=465 ------------------ 985 - х=462
Бағаланады: теңдеудің дұрыс шешілуі
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
4 - құндылық
Тақтамен жұмыс
3 - есеп
1 - топ.
Есептің берілгенін оқу
2 - топ
Есепті берілгенін талдау
3 - топ
Есептің шартын құрып тақтаға жазады.
Бағаланады: есептің шартын дұрыс құрылуы, шешуінің дұрыстығы
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

5 - құндылық тапсырмасы
1 - топ. Күнделіктің ауданын тап
2 - топ. Ыдыстың периметрін тап
3 - топ. Сынып бөлмесінің ауданын тап

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
6 - құндылық
6 - құндылық тапсырмасы
Өрнектер құрып, ондағы амалдардың орындалу ретін сақтау арқылы нәтижені анықтау: тапсырма монументтер және олардың биіктігіне қатысты болады.
«Ою» тобына: «Бәйтерек» кешенінің биіктігін есептеу.
100 бен 80 - нің айырмасын 5 - ке көбейтіп, одан 27 мен 9 - дың бөліндісін азайт.
( 100 - 80) ▪ 5 - 27: 9
«Күн» тобына: «Қазақ елі» монументінің биіктігін есептеу
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдың соңғы екі санына 9 санын қосып, одан 4 пен 5 - тің қосындысын азайт.
91 +9 – (4+5)
«Бүркіт» тобына: Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументінің биіктігін есептеу.
90 пен 10 - ның бөліндісін 5 - ке көбейтіп, одан 10 мен 7 – нің қосындысын азайт.
90: 10▪5 - (10+7)
Бағаланады: Жазылымды дұрыс іске асыра алуы

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы

7 - құндылық тапсырмасы
Элективті тест
Бірліктердің астына бірліктерді жазамын
Бірліктерге ондықтарды қосады.
Жүздіктерге жүздіктерді қосамын
Ондықтарға жүздіктерді қосамын
Бірліктерден бірліктерді азайтамын
Жүздіктерден ондықтарды азайтамын
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

- Балалар, біз берілген 7 құндылықпен тапсырмаларды орындадық. Енді, 2050 жылы Қазақстан қандай мемлекетке айналатынын көрелік.
- Мәңгілік елдің жанында неліктен сендердің суреттеріңді қойдым?
- Дұрыс айтасыңдар 2050 жыл Қазақстанды Мәңгілік елге айналдыратын сендер.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама