Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қосу және азайту амалдарын тиянақтау
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарын тиянақтау
Мақсаты: Оқушылардың қосу және азайту амалдарындағы білімдерін кеңейту, өрнекті дұрыс орындай білу жалпы өткен материалдар бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау. Пәнаралық білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды математика еліне саяхат жасау арқылы ақыл ойын, ой - өрісін, шығармашылық қабілетін, сондай - ақ тіл байлығы сөздік қорын дамыту. Танымдылыққа ізденімпаздыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Достық қарым – қатынас, ұжымдық іс - әрекет тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: көрсету, түсіндіру, құрастыру, сұрақ - жауап, ойын көрнекіліктер.
Сабақтың көрнекілігі: Саяхатқа шығатын көліктер, бәйтерек, карточкалар, үнтаспа, сергіту минуты.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, түгендеу.
2. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар
3. Сабаққа назарын аудару.
Қызығушылығын ояту: Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын
Ғылымдар патшасы бар дараланған,
Математика – қызығына тоймайтұғын – осылай математикаға баға беріледі. Олай болса бүгінгі сабағымызда білім теңізінде жүзе отырып Астана қаласына саяхаттаймыз. Әсем қалаға жетіп, Бәйтерек басына көтерілу үшін жолдағы кедергіден сүрінбей өтуіміз керек. Біздің бүгінгі сабағымыз сайыс сабақ. Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын ат жарыс, өгіз жарыс, құнан жарыс, жаяу жарыс, тай жарыс деп жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда яғни ғылым мен техника дамыған заманда машина, ұшақпен жарыспақпыз.
Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?
Есептеуді білмейтін адам, түк білмейтін надан.
Біз бүгін бұрынғы сайыс сабағымыздай екі топқа бөлініп сайыс түрінде өткіземіз. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Ал балалар елбасымыз өзінің жолдауында айтқан «Еліміздің болашағы – сапалы білім алған жас ұрпақта» деген олай болса алған білімімізді жан - жақты сапалы түрде көрсетуге тырысайық.

Шақырамын келіңдер сайысуға
Күш, өнер, білімменен алысуға
Бар білімді салайық ортамызға
Ал, қане кім шығады сайысымызға - екі топ басшысы өз топтарын таныстырады.
“Алға”тобы.
Біз Алға тобымыз
Алға қарай самғаймыз
Біз білеміз бәрін де
Екілікті алмаймыз
“Талап”тобы.
Жас ұрпақпыз талапты
Жақсы оқимыз сабақты
Талап атты топтың
Білімі де көптің.
Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.
“Алға”тобына.
1. Үй жұмысы.(оқытып тексеру) 10 - 2=8 теңдігін пайдаланып қандай екі таңбалы сандардан екіні азайтуға болады?
10 - 2=8
20 - 2=18
30 - 2=28
40 - 2=38
50 - 2=48
60 - 2=58
70 - 2=68
80 - 2=78
90 - 2=88
”Талап” тобына. 10 - 8=2 теңдігін пайдаланып қандай екі таңбалы сандардан 8-ді азайтуға болады?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама