Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қосу және азайту
Тақырыбы: Қосу және азайту.
Мақсаты: оқушыларды өзара кері есептер құрастыруға және шығаруға жаттықтыру. Көпбұрыштар түрлері жайындағы түсінікті тиянақтау. Екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыра білуге машықтандыру. Тез ойлап тез есептеуге үйрету.
Білімділігі: екі таңбалы санның ондықтарға және бірліктерге жіктелуі және сол білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.
Дамытушылығы: тапсырмаларды орындау арқылы ой - өрістерін дамыту, өз беттерінше есептерді шығару қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кеспе сандар касса, карточкалар геометриялық фигуралар, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқыту, игеру, логикалық тапсырмалар беру.
Сабақтың барысы: ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу. Әр топтың топ басшысын бағалау парағын беру.
Психологиялық тренинг. Кімнің қандай жағымсыз қасиеті бар соны параққа жазу.
Парақты мыжып лақтыру. Барлық қиындықтардан арылу.

Үй тапсырмасын тексеру. Сөзжұмбақты шешу.
1дм - де неше см бар?- 10см
100 саны неше таңбалы сан?
1м - де неше дм бар?
1м - де неше см бар?
Қосуды қай амалмен тексереміз?
Азайтуды қай амалмен тексереміз?
Сыйымдылықтың өлшем бірлігі?
Массаның өлшем бірлігі?

Жаңа сабақ: 100 - ге дейін санау.
Ауызша есептер айту.
Ондықтармен бірліктерден құрылған санды жазу және оқу
2 онд 4 бірл 24 3 онд 2 бірл 32 9 онд 6 бірл 96
5 онд 7 бірл 57 8 онд 1 бірл 81 7 онд 9 бірл 79
Оқулықпен жұмыс.
Әйнекшелердің орнындағы сандарды суретті пайдаланып тауып жазу:
90+5=95
60+0=60
40+4=44
95 - 5=90
60 - 0 =60
44 - 4=40
95 - 90=5
60 - 60=0
44 - 40=4
5+90=95
0+60=60
4+40=44

Сергіту сәті:
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазамыз,
Күнде бестік аламыз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз.
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Күз мезгіліне байланысты суреттер слайдтарда көрсетіледі.

- Күн суытады, ағаш жапырақтары сарғаяды, жемістер піседі, көкөністер піседі, егін жиналады, дәндерді қоймаға жинайды, барлық аң - құстар қысқы азығын жинайды.
- Қане біз де көкөніс жинауға кірісейік. Тақтадағы себетте көкөністердің артында есептер жазулы тұр.№2 есеп.
Қай топтың оқушылары жақсы шығарса сол топқа балл беріледі.
Оқулықтағы №3 есеп.
Шартын оқу. Есеп не жайында екенін айту. Не белгілі, не белгісіз? Осы есепке 2 топ кері есеп жазу.
Слайтқа есептің шартын 3 топтан 3 оқушы шығып жазады. Әр топ өз есебін дәптерге жазады. Дәптермен жұмыс

1 - топ --------------------------------------------2 - топ -----------------------------------3 - топ
Тергені - 9 шелек ---------------------------- тергені -? ------------------------------ Тергені - 9 шелек
Бергені - 5 шелек --------------------------- бергені - 5ш --------------------------- бергені --?
Қалғаны -? ------------------------------------- Қалғаны - 4ш ------------------------- қалғаны - 4 шелек.
Ш: 9 - 5=4 -------------------------------------- Ш: 5+4=9 -------------------------------- Ш: 9 - 4=5ш
Жауабы: 4шелек алма қалды ----------- Ж: тергені 9 шелек алма ---------- Ж: бергені 5 ш алма
9 5? ----------------------------------------------? 5 4 --------------------------------------- 9? 4

№4 есеп
2 және 3
23= 2онд 3 бірл.
32=3онд 2бірл
23 = 20+3
32=30+2
Шығарылу жолын түсіндіру.
Әр топқа тапсырма беру
1 - топ ----------- 2 - топ --------------- 3 - топ
3, 6 --------------- 4, 5 ------------------- 4, 2
Әр топтан бір оқушы шығып тақтаға жазу.
№5 есеп
Слайд арқылы фигуралардың суретін көрсету.

1 - топ Үшбұрыштар
2 - топ Төртбұрыштар
3 - топ Көпбұрыштар
Өз орнына апарып қою. Дидактикалық ойын түрінде өткізіледі.
Шығармашылық тапсырма.
Билет нөміріндегі ондықтар - қатардың ретін, ал бірліктер - қатардағы орынды көрсетеді.
Слайдта орындау әр топ өз қатарын таңдайды.
......
Үйге тапсырма беру.№6 есеп Шығарылу жолын түсіндіру.
Қорытынды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама