Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Мансия Ораловна

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Мақсаты: Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
I. Ұйымдастыру сәті

II. Тірек білімді еске түсіру
а)- 1 - ден 30 - ға дейін санау(тура және кері)
- Саннан (28, 43, 54) кейін келетін санды ата.
- Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата.
- Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.
- Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.
- Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.
- Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар (31, 32,..., 40).
- Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?

ә) Зейінділікке есеп.
Үстел үстінде 10 алма жатыр еді. Олардың екеуін кесіп бөлдік. Үстел үстінде неше алма жатыр?

III. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
- Бүгінгі біздің сабағымызда қандай санау бірлігі негізгі болып табылады?
Оқулықпен жұмыс
№1 Оқулықтағы суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.
Ондықтарға ондықтарды қосады.
Ондықтарды ондықтардан азайтады.
№2. Тақтада әр амалды түсіндіріп, қадамдап орындайды. Екі таңбалы сан мен ондықтарды ауызша қосу мен азайту алгоритмдерін бекітеді.(53+30, 83 - 30).

Мысалы:
- 53 және 30 сандарының қосындысы;
- Бірліктерге бірліктерді қосу;
- Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;
- Ондықтарды ондықтарға қосу;
- Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу;
- Қосындының мәні 83.

№3. Өзіндік жұмыс. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап, тексергенде кеткен қателерді талдайды.

№4. Оқушылар есептің негізгі белгілерін ажыратады. Жеткіліксіз компоненттерді қалпына келтіріп, бірінші есепті тақтада жазады. Кері есептерді өздігінен құрып орындайды. Қысқаша жазуды сұлба бойынша орындаған қолайлы.
Болғаны -?
Бергені - 2қ.
Қалғаны - 10қ.
10+2=12(қ)
Жауабы: 12 қ болды.

Сергіту сәті
№5. Көрнекілікке сүйеніп, уақытты ауызша анықтайды.
Рефлексия. Шығармашылық жұмыс
Үй тапсырмасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама