Қосу мен азайтуды қайталау сабағы
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайтуды қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сан қатарын, санның құрамын, қосу мен азайту амалдарының мағынасы туралы білім, білік дағдыларын анықтау және сәйкес терминдерді игеруге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, алғыр - лық, шапшаңдық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, топшамалар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 6 тапсырманы оқыта отырып тексеру.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:«Сөзжұмбақ» шешу. Ол үшін сұраққа жауап береміз.
1) Белгісізі бар теңдік. (теңдеу)
2) Бір шеті тұйықталған түзу.(сәуле)
3) Азайтудың бірінші компоненті.(азайғыш)
4) Алты ондық.(алпыс)
5) Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? (қосынды)
6) 1м неше см – ге тең? (100см)
7) Екі шеті тұйықталған түзу.(кесінді)
8) 6 - 3 - бұл қандай өрнек? (айырма)
теңдеу
сәуле
азайғыш
алпыс
қосынды
жүз
кесінд
айырма
- Туған жеріміз қалай аталады? (Арал)
Бүгінгі сабақта туған жерге «ойша саяхат» жасаймыз.
Мынау балық ұстаған балықшы ескерткіші. Туған жеріміз Арал балық шаруашылығымен айналысқан. Повольжие халқы аштықтан қырылуға аз қалғанда, вагон - вагон балық жөнелткені туралы тарихта жазылған.
Біз қаламыздың әсем де әдемі алаңына бару үшін оқулығымыздағы №1 тапсырманы орындау керек.
Осы тапсырмалардың қайсысы есеп. Оны шығар.
ІV. Дәптермен жұмыс.
а) Елтай 12 мысал және 3 есеп шығарды. Елтай барлығы неше тапсырма орындады?
Мысал - 12
Есеп - 3
Барлығы -?
Шешуі: 12+3=15
Жауабы: Барлығы 15 тапсырма
ә) Елтай орындаған барлық тапсырманың 5 - еуінің шешуін дәптерге жазды. Ол әлі неше тапсырманың шешуін жазуы керек?
Екінші тапсырманы есепке айналдыр және шығар. Екі тапсырманың арасында қандай байланыс бар?
Барлығы – 15 тапсырма
Жазды - 5 тапсырма
Жазу керек -?
Шешуі: 15 – 5 = 10
Жауабы: жазу керек 10 тапсырма
Біз тапсырманы орындап болдық.. Енді саяхаттап баратын алаңымыз « Ғашықтар алаңы» екен.
Бұл алаңда қазақтың батыры Төлеген мен көркіне ақылы сай Қыз Жібектің ескерткіштері бар. Қазақта «Қыз Жібек» жыры желісімен киносы түсірілген.
Келесі тапсырма «Теңдеулерді шеш». Әр қатар біреуден шығарып тексерейік. Содан соң ойша саяхатымызды жалғастырамыз. Өзіндік жұмыс.( әр қатардан бір оқушы оқиды.)
4+а=10 ------------- а - 4=6 -------------- 10 - а=4
а=10 - 4 ------------ а=6+4 --------------- а=10 - 4
а=6 ------------------ а=10 ---------------- а=6
4+6=10 ------------- 10 - 4=6 ------------ 10 - 6=4
10=10 --------------- 6=6 ----------------- 4=4
Жарайсыңдар, балалар! Келесі баратын алаңымыз «Тәуелсіздік алаңы».
Тәуелсіздік алаңының биіктігі 21метр ХХІ ғасырда салынғанын білдіреді. Ұшар басында «Барысқа мінген алтын адам» бейнесі бейнеленген. Ескерткіштің жанында туған жер үшін күрескен батыр және «Мың бала» көтерілісін бастаған қолбасшы Сартай батыр ескерткіші және де елдің ақылшысы болған, ел билеген биіміз Әйтеке би, сонымен бірге туған жерді жырға қосып жырлаған жырау Нұртуған жыраудың ескерткіші бар.
Келесі тапсырманы орындасақ туған жеріміздің әсем де, көрікті жерін тамашалаймыз.
Ол үшін №3 тапсырманы орындаймыз.(тақтаға)
79 бен 83 - тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз. Оларды салыстыр. Осы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.
79, 80, 81, 82, 83.
79<>
80<>
81<>
82<>
79=70+9
80= 80+0
81=80+1
82=80+2
83=80+3
Cаяхаттап келген жерімізден не көрдіңдер?
Әрине, «Алып анадан туады»деген сөзде көп мән жатыр.
Батырлар да, ақындар да, өнер адамдары да анадан туады. Аналар құрметіне бала ұстаған ана ескерткішін орнатқан.
Еңбек жолында еңбегімен құрметтелген және көп балалы аналардың атын құрмет тақтасына жазған.
Енді «Кім шапшаң» ойынын ойнайық. Оқулықтағы №4 тапсырманы 3 қатар жарысып орындайды.
3 дм *13см ------------ 5дм 2см * 5дм ------------- 1 сағ * 57 мин
4дм *14см ------------- 2дм 3см *3дм ------------- 3 ай * 90 күн
9см*1дм --------------- 7дм 6см *7дм -------------- 90жыл *1ғасыр
8см*1дм --------------- 4дм 8см *4дм -------------- 1 тәул. *30 сағ
2дм*20см ------------- 3дм 7см *37см ------------- 24 сағ * 1 тәул.
50см*5дм ------------- 59 см * 5дм 9см ------------ 12 ай * 1 жыл
- Жарайсыңдар, балалар!
Міне «Рәміздер аллеясына» да келіп жеттік. Біз рәміздеріміз арқылы «Тәуелсіз мемлекет» екенімізді танытып, мақтан тұтамыз.
Келесі №5 тапсырма. Сағат қай уақытты көрсетіп тұр? Үш сағаттан соң қай уақытты көрсетеді?
Бұл туған жеріміздің «Спорт кешені». Түрлі спортпен шұғылдануға дайындайды. Спорт – денсаулық кепілі.
V. Сергіту сәті. жаттығу жасау.
№6 тапсырманы орындап алғыр да, білімді екенімізді көрсетейік. «Кім білгір»ойыны.
Амалдарды орында және тексер:
36+2=38 ------------- 87 - 5=82 ------------ 98 - 50=48 ------------ 75 - 30=45
38 - 36=2 ------- 82+5=87 ------------ 48+50=98 ------------ 45+30=75
38 - 2=36 ------- 87 - 82=5 ------------ 50+48=98 ------------ 75 - 45=30
- Біз қайда келдік?
- Иә, Вокзал жанына келдік. Бұл «Ақ кеме» ескерткіші.
Ақ кеме Арал теңізі болғанын және теңізде кемелер жүзгенін еске түсіріп тұрады.
VI. Қорытындылау.
Балалар, енді сұрақтарға жауап берсеңдер туған жердің керемет, үлгі алар алаңына да барамыз.
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосу амалына кері амалды ата?
- Азайту амалына кері амалды ата?
- Бір таңбалы санға бір таңбалы санды қосқанда не істейміз және қалай орындаймыз?
- Бір таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтқанда не істейміз және қалай орындаймыз?
- Екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда не істейміз және қалай орындаймыз?
- Екі таңбалы санға екі таңбалы санды қосқанда не істейміз және қалай орындаймыз?
Сонымен, қаламызда жақында ғана ашылған «Даңқ» алаңына да жеттік.
Еліміздің батырлары мен билерінің шешендік сөздері ұрпақтар ұраны болсын деп ұрандаған. Елімізді көркейтіп, даңқын арттырар ұрпақтары сендерсіңдер. Сондықтан да мен сендерге «Даңқ» алаңының суретін үлестірмекшімін.
Біздің «Ойша саяхатымызды» аяқтайтын уақыт та келді. Біз мына тапсырмадағы балаға көмектессек біз де мектебімізге тез жетеміз.
Бала қай жолмен жүрсе, мектепке тез жетеді.
VII. Үйге тапсырма.
VIII. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.