Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қосудың терімділік қасиеті
Тақырыбы: Қосудың терімділік қасиеті
Мақсаты: Оқушыларды қосудың терімділік қасиетіне негізделген көршілес екі қосылғышты олардың қосындыларымен ауыстыру тәсілімен таныстыру; үш қосылғыштың қосындысын табуға берілген есептерді мысалға ала отырып, есепті шығарудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру; танымдық қабілетін дамыту.
Әдіс - тәсілі: көрнекілік, «Миға шабуыл» стратегиясы, «Алтын сандық» стратегиясы
Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Күнделікке бүгін
Кілең бестік толсын

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №6 тапсырма 83 бет.

ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қосудың терімділік қасиеті» деп аталады. Қосудың терімділік қасиетін түсіну үшін сендердің де көмектерің қажет.
Балалар сендер кемемен жүзіп көрдіңдер ме? Ендеше қазір бәріміз бірге кемелермен жүзейік. Ол үшін мен сендерге өрнектер таратып беремін. Сол өрнектің жауабын мына тақтадағы кемелерден табасыңдар.

7+8
30+5
9+6
8+7
5+30
6+9
- Қосудың компоненттерін атап жіберші?
- Қосылғыштардың орны ауысқанымен мәні өзгере ме екен?
Ал, балалар не байқадыңдар?
ІҮ. Жаңа сабақ.
Барлығы неше текше? Өрнекті жаз.
+ +
1 - тәсіл
+ ( + )
2 - тәсіл
+ ( + )
3 - тәсіл
+( + )
- Қосылғыштардың орны ауысқанымен мәні өзгере ме екен?
Сонымен қандай қорытынды жасаймыз?

Ү. Бекіту.
№3 Есепті шығар.

- 10 Шешуі: 1 - тәсіл. (10+20)+30=60
- 20 2 - тәсіл. 20+(30+10)=60
- 30 3 - тәсіл. (30+20)+10=60
Жауабы: Қалташада барлығы 60 шар.

Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай - ақ

№ 4 Өз бетінше орындау.
Сызбаға қарап, есепті шығар.
Жемсауытта 3 сары шымшық, 4 көгершін және 5 торғай бар. Жемсауытта барлығы неше құс бар?
3 ш. 4к. 5 т.
Шешуі: 3+4+5=12
Жауабы: Жемсауытта барлығы 12 құс бар.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Балалар бұл не? (сандық)
Сандықшалар нешеу?
- Ал қазір біз сендермен ойынын ойнаймыз.
«Алтын сандықша» ойынын ойнату.
9 8 7
3+(5+1)=9
2+5+1=8
1+4+2=7
(3+1)+5=9
5+1+2=8
2+1+4=7
(5+3)+1=9
1+2+5=8
4+2+1=7
Ал енді осы сандықшаларғы сандардан өрнек құрастырып көрейік
9+8+7=24
- Қосудың компоненттерін атап жіберші?
- Қосылғыштардың орны ауысқанымен мәні өзгере ме екен?
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ұнаса мына күлегештерге жабыстырыңдар
Үйге тапсырма: №5 84 бет
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама