Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қоянға арналған баспалдақ.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық, Таным.
Білім бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Қоянға арналған баспалдақ.
Мақсаты: Қағаз бетіне бағдарлай білуді үйрету.
Білім беру: пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету.
Дамыту: шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелеу: қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: баспалдақ.
Алдын ала орындалатын жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыруды.
Көрнекіліктер: дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.
Билингвалдық компонент: қоян - заяц, баспалдақ - лестница.

Мотивациялық - қозғаушылық.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме!»- деп, сәлемдесіп аламыз.
Қонаққа Айдар есімді қоян келеді, балалардан баспалдақ жасауға көмек сұрайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Баспалдақтың суретін көрсетеді.
Сұрақтар қояды: 1. Баспалдақты неден жасасақ болады?
2. Төртбұрыштың түстері қандай?
- Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетеді.

Сергіту сәті:
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
- Балалардың өзіндік жұмыстары.
Қоянға арналған баспалдақ. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама