Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Құдіретті Жер - Ана
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна

Өзін өзі тану 7 сынып
Тақырып: Құдіретті Жер - Ана
Мақсаты: оқушылардың жер құндылығы туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:
- оқушыларға жер мен адамзаттың өзара қарым - қатынасы және оның нәтижелері туралы білім беру;
- жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту;
- жерді сүюге, қадірлеп - қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: фотосуреттер, үнтаспа.

Шаттық шеңбері:
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдеседі. Балалар қосылып «Жер - ана» әнін айтады.

Әңгімелесу:
Әңгімелесудің мақсаты - оқушыларды Жерге ана ретінде қарап, өз анасындай тілдесе білуге, оны түсіне білуге баулу. Осы мақсатта оқулықта төмендегідей сұрақтар берілген:
Жермен сырласа білесің бе?
Егер сөйлескен болсаң, не айтар едің?
Жерді Ана деп сезінген кездерің болды ма?
Әңгімелесу әдістемелік тәсілінде оқушылардың шығармашылықпен ойлау деңгейін байқауға мүмкіндік береді.
Соңынан мұғалім оқушылардың ойларын тиянақтап, қорытындылайды.

Сахналау:
«Оқу ақпараты» үшін берілген Ш. Айматовтың «Ана - Жер - ана» повесі бойынша жазылған Қ.Мұхаметжановтың пьесасын рөлге бөліп оқу ұсынылады.
Толғанай ана неліктен Жер - анамен сырласады деп ойлайсыңдар?
Жер Толғанайды қалай жұбатты?
Жер - ана неліктен адамды бәрінен де үстем санайды?
Жермен сырласқың келе ме? Онда не айтар едің?

Дәйексөз:
Мұғалім оқулықтағы дәйексөз айдарымен берілген «Жер - ана жомарт ана тер төккенге» деген нақыл сөздің беретін мағынасы туралы ойлануға оқушыларды тарта отырып, олардың өзіндік көзқарасын толықтай айтып шығуға мүмкіндік береді.

Жүректен жүрекке:
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Оқушылар «Бабам өскен жер» әнін аудиокассетадан тыңдап, бірге қосылып айтады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама