Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Тақырыбы: Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту. Сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір - бірімен салыстыруға, оларды ажыратуға және танып білуге үйрету.
Көрнекілік: екі себет, алмалар, тал, лента, күз мезгілінің суреті, магнитті тақта, жемістер мен көкөністердің суреттері.

1. Ұйымдастыру
2. Сәлемдесу.
Сабақ барысы: Балалар бізге қонаққа апайлар келді, алдымен солармен амандасып алайық. (амандасу). Ал енді оң қолымызды жүрегімізге қойып Қазақстанның Әнұранын айтайық. Балалар бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. Шаттық шеңбері арқылы(лентаны тарқатып беру арқылы жылы лебіздер айту). Балалар осындай дөңгеленген дүниенің астында тату - тәтті өмір сүрейік! (лентаны жоғары көтеру).
Балалар енді бәріңіз орындарыңа отырыңдар(балаларға күз мезгілі туралы түсінік бере кету)
Тәрбиеші: Балалар тыңдаңдаршы есік қағылған сияқты, сендер естіп тұрсыңдар ма?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Ендеше кім екенін қарайықшы. (ішке қуыршақ кіреді)
Қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қуыршақ Айгүлмін.
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе қуыршақ Айгүл.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Қуыршақ: Балалар мен сендерге қонаққа келдім. Сендердің өнерлеріңді, ойындарыңды көрейін деп. Мен сендерге жеміс - жидектер әкелдім. Жаңа жолда келе жатсам талдардан жерге түсіп жатқан жемістерді көріп сендерге апарайыншы деп жинап теріп алдым. Сосын балалар мен сендерге өзімнің салған суретімнің қай мезгіл екенін білмей тұрмын. Маған суреттеп, айтып беріңдерші.
Тәрбиеші: Онда сен отырып демала ғой. Балалар қуыршақ Айгүлдің әкелген суретінде нелер бейнеленген?
Балалар: Жаңбыр жауып тұр, жел болып, жапырақтар жерге түсіп жатыр.
Тәрбиеші: Балалар, жапырақтардың түстері қандай екен?
Балалар: жасыл, сары.
Тәрбиеші: Өте дұрыс. Бұл ерекшеліктердің барлығы күз мезгілінде болады екен. Бұл мезгілде жеміс - жидектер, көкөністер піседі.
Тәрбиеші: Қуыршақ Айгүл біздің балалар күз мезгілі туралы тақпақтар біледі.
Қуыршақ: Ой, қандай керемет! Маған айтып беріңдерші.
Тәрбиеші: (Балалар күз туралы тақпақтар айтады). қуыршақ Айгүл біздің балалармен бірге бойыңды сергітіп ал. Қане, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Жапырағын жаяды.
Бетіне жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі. (2рет қайталау)
Тәрбиеші: Балалар енді ойын ойнайық. Ойынымыздың аты: «Кім жылдам?» ойынның шарты: талда өсіп тұрған екі түсті қызыл, жасыл алманы алып екі себетке салу. Түсін айыру.
Тәрбиеші: балалар, талда өсіп тұрған нелер?
Балалар: Алмалар.
Тәрбиеші: Дұрыс. Алмалардың түстері қандай?
Балалар: қызыл, жасыл.
Тәрбиеші: Онда ойынымызды бастайық. Жарайсыңдар! Бірінші болып Даниял теріп алды. (ортаға тағы балаларды шығару, балалармен бірге қуыршақта алманы теріп жүреді).
Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар! Бұл ойынды артынан тағы ойнаймыз.
Қуыршақ: (орнынан қозғалып). Жарайсыңдар достарым, сендермен ойнап бойым бір сергіп қалды. Ал енді мен кетейін. Мені анам іздеп қалған шығар.
Тәрбиеші: Қуыршақ Айгүл балалар өздерінің талдан жинаған алмаларын саған сыйға тартады және үйдегі анаңа да апар. Қабыл ал.(себеттегі алманы қуыршаққа беру).
Қуыршақ: Рахмет сендерге. Сау болыңдар, достарым!
Балалар: Сау болыңыз!

Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Қуыршақ Айгүл.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қуыршақ Айгүлдің суретінен біздер күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді көрдік. Күз мезгілінде жаңбыр жауады, жел болады, жапырақтар сарғаяды, жеміс - жидектер піседі.
Тәрбиеші: Бүгін сендер балалар сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымыз аяқталды. Бізге келген апайларға сау болыңыз айтайық. (апайлармен қоштасу).

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, Түпқараған ауданы
Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының тәрбиешісі
Басжанова Рзахан Калдыбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама