Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақта оқушылар құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі туралы түсінік бере отырып, олардың білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды бір – біріне көмек, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрсете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультмедиалық тақта, оқулық, слайдтар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;

ІІ. Өткен тақырыпты тексеру.
Сабақта оқушыларға диктант беремін.
1.___________ автор жөніндегі мәлімет, уақыты мен жасалу орны құжаттың өзінде сақталатын немесе басқа жолмен табылған, оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат.
2. ____________ түпнұсқа құжаттағы ақпаратты түгелдей және оның сыртқы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін көшірмелейтін құжат
3.______________ Ұйымның күнделікті қызметінде пайдаланылатын ресми құжат
4. ______________ Заңдық күш беретін, белгіленген тәртіпке сай қажетті деректемелер қойылатын құжат көшірмесі
5. ____________ – қоғам үшін маңыздылығына байланысты сақталып тұрған немесе сақтауға жататын, сонымен қатар, оның иесі үшін де құнды болып табылатын құжат
6._____________– жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттар мен оларды зейнеткерлік қамтамасыз етуге ақша аудару жөніндегі мәліметтер кешені

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі таңда қол жеткен есептеу - техникасы ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің әр түрлі саласында қызмет көрсетеді. Бұл жүйелер басшыларды және арнайы мамандарды шығармашылық емес жұмыстардан босатады, ең бастысы ақпараттар жинақтамасын өте тез, әрі қолайлы жағдайда игеруге мүмкіндік береді. ЭЕМ адамға өте қолайлы, себебі адамға қажетті, пайдалы және толық ақпараттарды уақытында бере алады.

Машинограмма деп есептеу техникасы құралдарымен жазба түрде қағазға түсірілген және белгіленген ретпен рәсімделген құжатты айтады. Машинкадан оқылатын құжат деп ондағы ақпаратты автоматты түрде оқуға жарайтын құжатты айтады.

Машинкадан оқылатын құжаттарды жасау кезінде қолданылатын жазбалардың негізгі түрлері: перфораторлық және магниттік жазу құралдары.
Машинкададан оқылатын құжаттар мен машинограммаларға міндетті деректемелер кешені мен олардың орналастырудың реті белгіленген. Міндетті деректемелер құрамына мыналар енеді: құжатты жасаған ұйымның коды мен атауы, құжатты жасаған ұйымның орналасқан жері немесе пошталық мекен - жайы, құжат нысанының коды, құжаттың атауы, құжаттың жасалған күні, құжаттың дұрыс жасалуы үшін жауапты адамның қолы.

Арнаулы ережелердің күші қолданылатын ұйымдар осы ережелерге сәйкес машинадан оқылатын құжаттар мен машинограммалардың міндетті түрде болуға тиіс деректемелерін көрсетуі керек.
Басқармада өте маңызды орын алатын (бұйрықтар, есептер, жоспарлар т.б.) заңдық және тарихи күштері бар құжаттар деректері машиналық жазуға түсіріледі және мемлекеттік мұрағаттарда тұрақта сақталу талап етіледі.
Автоматтандырылған жүйеге құжаттармен жүргізілетін толық жұмыс түрлеріне: құжаттарды тіркеу, құжаттарды іздестіру, бақылау және анықтамалық жұмыстар, ақпараттар мен құжаттарды сақтау, құжаттарды жасау процестері, т. б кіреді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Машинограмма дегеніміз не?
2. Машинкададан оқылатын құжаттар мен машинограммаларға міндетті деректемелерін айтыңыз.
3. Автоматтандырылған жүйеге құжаттармен жүргізілетін толық жұмыс түрлеріне нелер жатады?
4. Құжаттамамен қамтамасыздандырудың автоматтандырылған жүйесі туралы не айтасыз.?

Ү. Үйге тапсырма. 8 - 11 бет
ҮІ. Оқушыларды бағалау
Сау болыңыздар! Сабақ аяқталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама