Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік мақсаты: өлеңді мәнерлеп оқып, тақырыбы мен мазмұнына талдау жасау.
Абай ақынымызды тағы бір қырынан /сазгер/ таныту.
ә) тәрбиелік мақсаты: оқушыны өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру. Өнерді сүюге, қастерлеуге шақыру.
б) дамытушылық мақсаты: Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқуға, әндерін нақышына келтіріп, айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру әдісі, ой шақыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, музыкалық аппараттар, суреттер, кітаптар, т. б

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.“Жасырын ұяшықтар”
ІІІ. Жаңа сабақ. “Мағынаны ашу”
ІV. Бекіту кезеңі. “Ой қорыту”
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу
ә) Назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау «Жасырын ұяшықтар»
1. “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” өлеңі қанша шумақ, қанша тармақтан тұрады?
2. Өлеңде неше бунақ, неше буын бар?
3. Өлең қандай ұйқасқа құрылған?
4. Естіген сөзді ұмытпастыққа қандай төрт түрлі себеп бар?
5. Ой кеселдерін ата.
6. Өлең дегеніміз не?
7. Шумақ дегеніміз не?
8. Өлең ұйқасы дегеніміз не?
9. Өлеңді мәнерлеп, жатқа айтып бер.
ІІІ. Жаңа сабақ

Ой ашар:
Әлемге мәшһүр болған Абайым бар,
Айтуға оның бәрін уақытым тар.
Рухына ұлы Абайдың тағзым етіп,
Бастайық, рұқсат болса, ағайындар.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау, мазмұнын ашу
Құлақтан кіріп, // бойды алар, 9 а
Жақсы ән мен // тәтті күй. 7 б
Көңілге түрлі // ой салар, 8 а
Әнді сүйсең, // менше сүй. 7 б
Өлең 7 шумақты, 28 тармақты, 2 бунақты, 8 - 9 буынды, шалыс ұйқасқа құрылған.
ә) Абайдың қандай әндерін білесіңдер? / «Сегізаяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», т. б/
б) Ортаға Алтын мен Саягүл музыкалық аппараттың сүймелдеуімен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

ІV. Бекіту кезеңі. «Ой қорыту»
1. Ақын ән мен күйден алған әсерді қалай суреттейді?
2. Ақын нағыз әнші қандай болуы керек дейді?
3. Бүгінгі сабағымызда ұлы ақынымызды қай қырынан таныдық?
4. Өлең қанша шумақ, қанша тармақтан тұрады?
5. Неше бунақты, неше буынды екен?
6. Қандай ұйқасқа құрылған?
«Топтастыру» әдісі

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы
№4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мұқанғалиева Мария Арыстанқызы
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама