Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Құмдағы құпия
Сабақтың тақырыбы: Құмдағы құпия

41 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\ Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру.
ә\Еңбек етуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
б\ Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой - өрісін, қиялын, шығармашылығын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: көктемгі көрініс суреті, сөздік, жұмбақтар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Үйге берілген әңгіменің мазмұнын сұрау
1. «Еңбекпен ел көгерер» мақалының мазмұнын ашу.
2. «Қыста құстар қалай тіршілік етеді» тақырыбында әңгімелеу.
Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/
Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
а\Сурет бойынша әңгімелеу.
- Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Өздеріңе ұнайтын жыл мезгілі туралы әңгімеле.
ә\Жұмбақтың шешуін тап.
Айдалада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)
Сергіту сәттері. Қолдың буынына массаж (қарындашты қолданып)
- Қолымызға қарындашты алып, алақанның арасына қарындашты салып жүгіртеміз, «қарындаш алдыға жүгірді, қарындаш артқа жүгірді».
3. Мәтінмен жұмыс.
а\ «Құмдағы құпия»мәнерлеп оқу.
б\Оқушылардың түсініп оқуы.
в) Мақалдың мағынасын түсіндір.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
г) Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Темір қандай оқиғаның куәсі болды?
- Құс ұясы неден жасалған екен?
IV. Сабақты бекіту.
а) Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайтындарыңды әңгімелеңдер.
ә) Өздерің табиғаттың қандай қызығына куә болдыңдар?
V. Үйге тапсырма.
Мәтін бойынша түсінгенін айту. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама