Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Құмырсқаға көмек
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармалық
Кіші сала: Тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, сурет
Тақырыбы: Құмырсқаға көмек
Мақсаты: Жәндіктер туралы білімдерін кеңейтіп, бекіту. Сөздік қорын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар. құмырсқаның ойыншығы және суреті, өрмекші, түрлі түсті жіптер, шар, бояулар.
Билингвалдік компанент: құмырсқа - муравей, илеу - муравейник

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Психожаттығу
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз!
Иіліп сәлем береміз,
Қайырлы күн, қайырлы таң!
- Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Қыпша белді,
Қыбыр жүрісті.
Тыным алмайды,
Тындырмай жұмысты. (құмырсқа)
Құмырсқа сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар: «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат - ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңе мәңгі сақта».
Балалар, бүгін біз табиғат туралы әңгімелесеміз. (Жел тұрып, құмырсқаны ұшырып алып кетеді).
- Енді не істейміз? Құмырсқаны іздеп үйіне қайтарайық.

1 - тапсырма
Қане, жолға шығайық. Жолымызда көл тұр, қалай өтеміз? Дұрыс, қайықты санау таяқшалармен жасайық. Тәрбиеші көрсетеді.
Жолды әрі қарай жалғастырайық.

2 - тапсырма
Алаңқайға келеді. Балалар жұмбақтар жасырады.
Тоқыған ауы – шыбынның жауы (өрмекші)

Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты.
Сонда да тік ұшақ,
Моделі сияқты (инелік)

Ұшады, қонады,
Гүлдердің қонағы.
Түр - түсі сары - ала,
Не нәрсе? (бал ара)

Таңдайлары тақылдап,
Шулайтын кім шалшықта.
Бірін - бірі мақұлдап? (бақа)

Ызыңдап ән салады,
Жұп - жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады (шыбын)

- Балалар, барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады. Дұрыс, жәндіктер. Бірақ бір нәрсе жәндікке жатпайды. Ол не? Бақа
3 тапсырма
Өрмекшіге келеді. Қараңдар, балалар, құмырсқа өрмекшінің ауына шатысып қалды. Не істейік? Дұрыс, бірақ бірінші одан рұқсат алайық. Өрмекші, біздің досымызды құмырсқаны босатшы.
Өрмекші: Жарайды, бірақ сендер маған жіптерімді қоқыстан тазартып, орап беріңдер.
Тәрбиеші: екі себетке бөлейік: 1 - жіпті орайық, 2 - ге қоқысты тастайық.
Қараңдар, анау ағаштың арасында илеу тұр. Илеу - ол құмырсқаның үйі. Соған құмырсқаны алып апарайық. Енді біздің досымыз, үйін жоғалтпау үшін біз ағашты шарлармен белгілейік. Ал ағаш көңілді болу үшін шарды көңілді қылайық. Көз, мұрын, ауыз салайық.

Саусақты жаттығу
Өрмекші.
Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады.
Балалар, сурет салады.

Қорытындылау
Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Онымен дос болу керек.
Дос ниетпен, адал, кең,
Дос бол, табиғатпен!
Құмырсқаға көмек бердік. Енді топқа да қайтатын уақыт келді. Апайлармен қоштасайық, сау болыңдар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама