Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Ертегіші" сайыс сабақ 5-сынып
Әдебиеттен «Ертегіші» атты сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру, қадағалау бағалау мақсатында сайыс өткізу. Топтық жұмысқа баулу, өзара және өзін - өзі бағалауға үйрету
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Күтілетін нәтиже: топта жұмыс жасайды; білімдерін көрсетеді; ертегілерді түсінеді; шығармашылықтарын танытады
Сайыс барысы:
Сайыс кезеңдері:
1. «БӘЙГЕ»
2. «Алтын балық»
3. «Ертегіні дұрыс орналастыр»
4. «Сандар құпиясы»
5. Кері байланыс жүргізу
6. Марапаттау
- Ең алдымен, оқушылар сайыс сабағымызды бастамас бұрын, сіздермен шағын сергіту сәтін өткізгім келіп тұр. Сергіту сәтіміз «Күннің көзі күлімдейді» деп аталады.
Сыныпты топқа бөлу. (Сынып топқа мақалдың екі жартысын қосу арқылы 3 топқа 4 адамнан бөлінеді)
Ендеше сайысымызды бастайық
1 тур «БӘЙГЕ»
Кезең шарты: Ертегі мазмұнына сәйкес қойылған сұрақтарға тез, жылдам және дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауапқа топ 10 ұпай алады.
1. Ертегінің түрлері /қиял - ғажайып, хайуанаттар, шыншыл/
2. Мына сөзді жалғастыр: 8 қызым бір төбе... /Кенжекейім бір төбе/
3. Бапы хан кім? /жер асты хандығы/
4. Перінің қызын ата /Бекторы/
5. Адамның жаманы /Жаман/
6. «Аяз би» ертегісінде жақұтқа не болды? /құрт жейді/
7. Тазша бала қай ертегінің кейіпкері? /Қырық өтірік/
8. Қойшы баланың әкесі /Мергенбай/
9. Ер Төстік жер астынан шыққанда кіммен төбелесті? /Шойынқұлақ/
10. Кендебайдың жылқысы /Керқұла ат/
11. Кенжекей Ерназарға қайда тоқтама дейді? /Сорқұдыққа/
12. Ерназар жалмауыз кемпірге Төстіктің несін тастап кетеді /кездік/
13. Төстік пен Шойынқұлақ төбелескенде Төстікке кім көмектеседі? /Күңке/
14. «Аяз би» ертегісінде хан кімнің баласы болып шықты? /наубайшының
15. «Қырық өтірік» ертегісі қандай ертегі? /шыншыл/

Кезеңді қорытындылау
2 тур «Алтын балық»
Кезең шарты: Оқушылар балық аулауға барады. Әр балықтың артында 10, 20, 30 ұпайлы сұрақтар жасырылады. Дұрыс жауап берген топ сәйкесінше ұпай алады.
10 Меңді сұлудың жасы нешеде? /35/
10 Ханның неше уәзірі болыпты? /40/
10 Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты? /сиыр/
10 Хан Жаманға қандай тағам бергізді? /нан/
20 Кендебайдың әкесінің аты кім /Қазанғап/
20 – Ой, оңбаған - ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың?» - кімнің сөзі /Ханның кіші қызы/
20 Кендебайда бие қандай құлын туады /алтын құйрықты құндыз жүнді/20
30 Желаяқ ол кім?
30 Ер Төстіктің жары? /Кенжекей/
30 Сорқұдықтың басында не жоғалып кетеді? /құба інген/
30 Кенжекей Ерназардан нелерді сұратады? /Шалқұйрық құба інген ақсырмалы сауыт/
Кезеңді қорытындылау
3 тур «Ертегіні дұрыс орналастыр»
Кезең шарты: Оқушылар «Аяз би» ертегісін мазмұнына сәйкес дұрыс орналастырулары қажет. Әр дұрыс сәйкестікке 10 ұпай беріледі
Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. 2
Жаманның сертке берік болуы. 5
Жаманның Барсакелмеске баруы. 7
Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. 1
Хан тағына отырған Жаман. 10
Ханның Жаманды уәзіретуі. 3
Меңдінің Жаманды таңдауы. 4
40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. 6
Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға келуі. 8
Ханның Жаманды сағынуы. 9
Кезеңді қорытындылау
4 тур «Сандар құпиясы»
Кезең шарты: Оқушылар берілген сандарды ертегілермен байланыстырулары қажет. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
40, 9, 8, 3
Кезеңді және түгел ойынды қорытындылау
Кері байланыс
- Ал енді, оқушылар, сайысымызды қорытындылап болған кейін сіздерден бүгінгі ойын туралы пікірлеріңді білу мақсатында «Жеміс ағашы» атты кері байланыс жүргізгім келіп тұр. Пікірлеріңді еркін жеткізе қойыңдар.
Оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама