Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
"Жылқы" Сәбит Мұқанов
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: "Жылқы" Сәбит Мұқанов
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Дамытушылық: Мәнермен оқу дағдысын, сөздік қорларын, еске түсіру қабілеттерін, ойлау белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен/жылқы/ байланыстыра отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу. Әдет - ғұрыпты, салт - дәстүрді дәріптей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, эссе жазу.
Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі
Көрнекіліктері: С. Мұқановтың суреті, кітап көрмелері, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылқымен түскен суреті, Батырлардың серігі аттарымен, қостың суреті. «Бозжорға» күйі.
Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар жылқы малының ерекше қасиеттерімен жан - жақты танысуы.
2. Тебін, қос мағынасын түсінуі.

I - Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
II - Үй тапсырмасын тексеру:
1»Ара мен Шыбын» мысалын мәнерлеп оқу
/- Әйнекше Сұрақ - жауап арқылы пысықтау
10 Шыбын араға қандай өтініш айтты?
20 Ара неліктен бірден келіспеді?
30 Шыбындар қонақ күтуге неге әзірленбеген?
40 Осы мысалдан қандай ой түюге болады? /10 ұпай/

2. Әйнекше: Венн диаграммасы /40 ұпай/
Бунақденелілер
Ара ---------------------------------- Шыбын
Еңбекқор ------------------------- арам
Таза -------------------------------- лас
Бал жинайды ------------------- ауру таратады
Емдік қасиеті бар ------------- пайдасы жоқ

3. Қонақты қалай күту керек? / 30 ұпай /
4. Мақал - мәтел, бата /20 ұпай/

III - Жаңа сабақ: 1. Сәбит Мұқанов 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл ауданында туған. Қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері. Оның «Өмір мектебі»,»Ботакөз»,»Ақ аю»,»Балуан Шолақ» т. б. көптеген шығармалары бар.

2. Оқушылар жылқы туралы мағлұматтарын айтады, тақырыпты ашады.
Жылқы - үй жануары, қыста далада, үйірімен жүреді. Адамның көлігі, сүті - қымыз.

3. Мағынаны ашу:
/- топ. Суретшілер
//- топ. Жазушылар
///- топ. Шығармашылық
Үш топ мәтінді бөлімдерге бөліп оқып, топбасшылары мазмұнын түсіндіру. Жаңа сөздерге түсінік беру
Жаңа сөз. Тебінде қарды теуіп, қар астындағы шөпті жеу. Қос - көшіп қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
/- топ. Табиғат көрінісін беретін жолдарды оқиды.
//- топ. Жылқының аналық мейірімі айтылған тұсты оқуы.
///- топ. Мақан жылқышының сөзін тауып оқу.
Ойлау қабілеттерін дамыту барысында:
/- топ. Жылқы суретін салу
//- топ. Өз жылқысы туралы жазу.
///- топ. Жылқы туралы эссе жазу

«Ер қанаты - ат»- мақалының астарын ашу. Өз ойларын, білгендерін ортаға салу.
Жылқы туралы тағы не білеміз?
1. Ең алғашқы жылқылар
2. Адамға үйір жылқы, шошынған жылқы әрекеті. Қауіпсіздік шаралары.
3. Өзің үйде не үшін пайдаланасың?
Сергіту сәті: «Жорға биі» Батырлар жырындағы суреттелген Аттарды еске түсіру: Алпамыстың Байшұбары, Ер - Тарғынның – Тарланы, Қамбар батырдың қара қасқасы, Қобыландының – Тайбұрылы. Бұл аттар адамды түсінеді, сөйлейді, тілін біледі.
Ал Қабанбай батыр Қубас атын 40 жылдай өзіне жолдас етеді. Қубас ат та «кісінеп», «елеңдеп» жаудың келе жатқанын білдіреді.
Мен келдім 78 - ге,
Сен келдің 38 - ге.
Сенен басқа ат мінсем,
Мінгендей болдым өгізге.
Сені мініп шапқанда,
Тартынбай түстім теңізге.
Ей, Қубасым, Қубасым,
Қабанбай өлді дегізбе.

Қубас аттың еліміздің төрт бұрышында тұяғы тимеген жері жоқ.
Шынқожаның Шұбар атының да көп елде іздері сайрап жатыр.
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп.
Жолбарыстай Шұбарды,
Таңдап мінер ме екенбіз - делінген ер қанаты, ер серігі болған тұлпарлар ізі тарихта қалған.
Сен білесің бе?
1870 жылы Семей облысында бір көтеріліс кезінде артта қалған жүздікке хабар жеткізу үшін бір жігітті жібереді. Бала жігіт 29 сағатта 300 шақырым жолды тынбастан шауып барып, қайтып келеді. Сонда сағатына неше километр шауып отырған?/10, 3/

IV - Нені білдік? Денесіне түскен құрт өліп қалады, жылан тері иісіне жоламайды, еті салқында қатып қалмайды.
Не білгіміз келеді? Таза қанды, асыл тұқымды, таза қанды аттар туралы.
Білеміз - Суыққа төзімді, өт жоқ, таза, мөлдір су ішеді, құнарлы шөп жейді, көлік, сусын, тамақ, қымызы ем.

Ой - толғау: Логикалық сұрақ:
1. Есек пен ат ағайынды ма? 2. Зебра ат па? Тұрағы қай жер? 3. Ат жүргенде, шапқанда аяқ қозғалысы қандай болады?
V - Үйге тапсырма: С. Мұқанов «Жылқы» әңгімесі. 2. Эссе жазып келу.
Бағалау. Мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама