Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Бейімбет Майлин
жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік
өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: аралас
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы, слайд.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. «Алақан» жаттығуы.
- Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
Үй тапсырмасын пысықтау:
Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
Түрмеде оған қандай айып тағылды?
Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
Тоқашқа жолығуға кім келді? Ол анасына не айтты?
Үй тапсырмасын пысықтау:
Тоқаштың қолына кісен салып, көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдірді. Топ ішінен кім жылады? Ол кім еді?

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу. Әңгіме құру.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Түсініп оқы.(балалардың есіне)
1930 - 1932 жылдары Қазақстан халқының алты миллионнан асқан болса, соның екі миллионнан астамы аштықтан қырылды.
2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу.
3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Қай кезде болған?
3. Сөздік жұмыс:( Өрім - өрім, бөкебай, ызғырық, өлмелі кедей)
4. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтті? Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау:
«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің?
Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Ү. Қорытындылау:
Суретпен жұмыс: Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?
Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсың?
ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама