Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
"Отбасымен бірге" эстафеталық сайыс
Тақырыбы: «Отбасымен бірге» отбасылық эстафеталық сайысы
Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Құрметті ата - аналар, әріптестер, бүлдіршіндер бүгінгі «Отбасымен бірге» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Сіздерді отбасылар мерекесімен құттықтай отыра, зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Ендігі құттықтау сөз кезегін «Ақбота» балабақша директоры ------------------------- сөз кезегін береміз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
----------------------------------------------
Ендеше ортамызға сайысқа қатысатын отбасыларын шақырамыз.
Отбасылар сайысы 5 - бөлімнен тұрады.

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын бол жарысқа
Жүгір, секір қалыспа,
Бір - бірінен жарыста

I бөліміміз: «Бәріміз бірге» сайысы
Ойын шарты: Ата - аналар қолдарын айқастырып, ортасына балаларын отырғызып, кеглилер арасынан жүгіріп өту.
Әділқазылар I - бөлімінің бағаларын берейік.(Құралдары: кеглилер, кругтар )

Жүргізуші: Біз көңілді отбасы,
Шыныға да аламыз.
Сәулетті ел көгінде
Жұлдыз болып жанамыз – деп II - бөліміміз «Кім жылдам»сайысын
бастайық.
Ойын шарты: Теннистің таяғымен, уақ допты домалатып, нысанадағы кеглиден айналып қайту. (Құралдары: Теннистің таяғы, уақ доп, текшелер)
Әділқазылар бағаларын берейік.

Жүргізуші: Көңіл қойып қараңыз,
Отбасылық сайыста.
Шынығайық бәріміз
Эстафеталық жарыста – демекші
III - бөліміміз «Ең мықты отбасы» сайысы
Ойын шарты: Допты бір - бірінің бастарынан асыра беріп, кеглиден айнала кері қайту.
(Құралдары: Доптар, кеглилер)
Әділқазылар бағаларын берейік.

IV - бөліміміз «Ойлан тап» сайысы.
Ойын шарты: Допты аяқтың арасына қысып алып, текшелер арасынан жүріп, межеде тұрған есепті шығарып, кері қайту. Ал балалары салынған суретті жалғастыру.

(Құралдары: доптар, текшелер, кеглилер)
Әділқазылар бағаларын берейік.

V - бөліміміз «Шапшаң отбасы» сайысы.
Ойын шарты: 1 - ші әкесі кедергілер арасынан жүгіреді, сосын анасының қолынан ұстап, кедергілер арасынан жүгіреді, ең соңғы баласының қолынан ұстап жүгіреді.

Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз отбасы - деп әділқазыларға сөз кезегін береміз

Жүргізуші: Осымен бүгінгі отбасылық эстафеталық сайысымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама