Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
"Текті сөздің төресі - терме" жыршы-термешілер байқауының сценарйі
"Текті сөздің төресі - терме" жыршы-термешілер байқауының сценарйі
Өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған, халықтық дәстүрлер негізіндегі терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас термешілерді анықтау мақсатында өткізілген байқау.

Күй ойналады
Жүргізуші:
Тербе, терме – маржан жыры бабамның,
Ақыл сөзі, нақыл сөзі данамның.
Сенде жатыр ұлылылғы ұлтымның,
Шежіресі мынау ұлы даламның!
Күй ойналады
Жүргізуші: Армысыздар, тамырлы тарихынан сыр шертіп, өткеніне өнегелі тағлым беретін арда өнерін ұлықтаған ардақты ағайын, қымбатты көрермендер!
Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен қала деңгейінде алғаш рет өткізгелі отырған «Текті сөздің төресі - терме» атты жыршы - термешілердің байқауына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі байқауымызға қала оқу орындарының – колледж, институт студенттері өз бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салмақ. Ендеше, үкілі үміттерін арқалап келіп отырған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық! (сайыскерлерді бір - бірлеп таныстырып, сахнаға шақырады)
1. Арқалық политехникалық колледжінің студенті
2. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті
......

Жүргізуші: Енді үміткерлердің өнерін бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Қазымбеков Қуанышбай Қабенұлы - облыстық, республикалық жыршы - термешілер байқауларының жеңімпазы, «Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына» арналған республикалық жыршы - термешілер байқауының бас жүлдегері, 2010 жылғы Арқалық қаласының Жыл адамы, «Көңілімнің айнасы» жыр жинағының авторы, 2016 жылғы әдебиет саласындағы облыстық қазына меценаттар сыйлығының иесі.
2. Тойшин Нұрдәулет – «Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қосымша білім беру орталығының педагогы, «Мирас» термешілер үйірмесінің жетекшісі, облыстық, республикалық «Текті сөздің төресі – терме» 2017 жыршы - термешілер байқауының жеңімпазы
3. Сейітхан Әсемгүл Байболатқызы - «Арқалық қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ әдіскері.
Жүргізуші: Құрметті қазақ өнерінің құдіретіне бас иген көрермен қауым, тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауды мақсат еткен байқаудың үміткерлеріне сәттілік тілеп, құттықтау үшін сөз кезегін орталық директоры Қалмағанбетова Баян Саруарқызына береміз!
Сөз сөйлейді
Жүргізуші: Олай болса, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, сахна сыртына шығарып салайық!
Жүргізуші: Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген,
Сонау бір ерте кезде естіген ем.
Әредік әлдеқалай есіме алсам,
Қос басы, қою қара кешті көрем.
Терме - қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең түрі. Ғибраттылық мәні бар моральдық идеялар тұрғысынан әр нәрсені теріп айтып, бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру термеге тән қасиет.
Олай болса, өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған, халықтық дәстүрлер негізіндегі терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жас термеші, 2017 жылғы облыстық, республикалық термешілер байқауының жеңімпазы – Тойшин Нұрдәулетті байқауымыздың шымылдығын ашу үшін өз өнерімен ортаға шақырамыз.
Нұрдәулет Тойшин терме орындайды
Жүргізуші: Көп рахмет!
Сонымен сахнада алғаш болып өнер көрсететін Арқалық политехникалық колледжінің студенті Нугманова Асель. Қабыл алыңыздар!
Байқау қатысушылары кезекпен - кезек өнерлерін көрсетеді.
2. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті
3. Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті
........
Жүргізуші: Анық байлық – жүрекке біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған төнер, - деген екен Шәкәрім Құдайбердіұлы, ендеше, ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрында өнерлерін ортаға салған сайыскерлеріміздің «жүзден жүйрігін» анықтау үшін қазылар алқасын сахна сыртына шығарып салайық!
Жүргізуші: Төрешілер төрелігін бергенше, _______________ «__________________» өнерін қабыл алыңыздар!
Көркемсөз (ән) орындалады
Қазылар алқасы дайын болған екен, ендеше сөз кезегі өздеріңізде!
Қазылар сөйлейді
Жүргізуші: Болашаққа қадам басар күні ертең,
Бүгін міне, өнерлінің күні екен.
Дәстүрлі ән, жыр мен терме өнерін
Көрсетіп біз сый жасадық бір көркем!
Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңіліндегін дөп басқан, көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігінде шек болмады. Байқау қатысушыларына ұлттық дәстүрімізді ұлықтау жолында қанаттарың қатайып, биікке құлаш сермей берулеріңе тілектеспіз!
Қадірменді көрермен, көнеден қалған өнерге жанашырлық танытып, сайыскерлерді қолдап, қошемет көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Осымен, сөздің маржанын сазбен жеткізетін нағыз өнерпаздарды анықтайтын «Текті сөздің төресі – терме» байқауы өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама