Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
"Тоғызқұмалақ" үйірмесінен күнтізбелік жоспары
Менің білім беру бағдарламам

Алғы сөз орнына
Бағдарлама қосымша білім беру саласы бойынша "тоғызқұмалақ"үйірмесі оқушыларға үйретумен қатар, олардың ой - өрісін, сана сезімін дамытуға, ұстамдылыққа, төзімділікке, сабырлыққа, жігер - намысты шыңдауға көп еңбектенуге тәрбиелейді

Бағдарламаның дидактикалық және этнопедагогикалық негіздері.
Қазақтың ұлттық ойыны.
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты - дене тәрбиесі мен спортқа, сонымен қатар ұлттық спорт түрлеріне аса үлкен саяси, қоғамдық мән беріліп отыр. Қазақ жастарының спортпен шұғылдануы олардың жеке басының ісі емес, қоғамдық міндеті, өйткені, спорт қоғамдық іске пайдалы және Отанды қорғауға лайық азаматтар тәрбиелеуге көмектеседі.
Тоғызқұмалақ ойынын үйретудің бағдарламасы спорт секцияларына сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердегі үйірмелерге арналған. Бағдарлама көлемі 1(бір) жылға есептелген және ойынның теориясы мен жарысқа қатысу, төрелік ету мәселелерін қарастырады. Бұл кезеңде үйренушілер терең ойлауға, тез шешім қабылдауға, сонымен қатар, математикалық амалдарды толық меңгеруге бағыт алады.
Өйткені, тоғызқұмалақ ойыны математикалық амалдардың аумағына толық сияды.

Күтілетін нәтижелер.
- Тоғызқұмалақ ойыны ұлттық ойын түрі ретінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылады.
- Үйірме мүшелері тоғызқұмалақ ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды.
- Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.
- Дарынды оқушылар іріктеледі.
- Аудандық байқауларға қатысу арқылы бұл ойын бұқаралық сипатқа ие болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама