Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сабақ: қазақ тілі
Тақырыбы: Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Мақсаты: оқу және жазу дағдыларын қалыптасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Міндеттері:
1. Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Көрнекіліктер: кесте;, суреттер, қималы карточкалар.
Әдіс - тәсілдер: топтық, өзіндік

Сабақ барысы
І. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 18 - жаттығу
1. Ол бүгін ерте келіп,....
2. Лезде аспанды бұлт торлап,....
3. Жаз ыстық болса,....

ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут:
«Ой шақыру» стратегиясы «Моншақ тізу» ойыны.
• Сөздерден сөйлем құрастыру.
Баласы, үйдің, болма, бір; елдің, бол, данасы, Бар;
• Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр.
4 топқа тапсырмалар беру
1 топқа Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2 топқа Құрмалас сөйлемдерде қандай тыныс белгілері қойылады?
3 топқа Мысалдар келтіріңдер.
4 топқа Жай сөйлемді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңдар.
1. Биыл қыс суық болды,....
2. Ол біресе күлді,....
19 - жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз.
Біздің сынып тәртіпті. Шәкірттері білімді болса, ұстаз қуанады. Туған жерге туың тік. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мен өз елімді сүйемін. Бірлік болмай, тірлік болмас.
• Сөйлемдердің қайсысы жай, қайсысы құрмалас сөйлем?
• Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?
21 - жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. Тақтамен жұмыс 4 топтан бір оқушыдан
1. Орманды үскірік жел кезді, бұталар судыр қақты. 2. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. 3. Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.
Шығармашылық тапсырма 4. Ат өнері білінбес, бәйгіге түсіп жарыспай
Кестені пайдаланып, ойыңды дәлелдей білуге үйрен.
Ол екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған.

Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама