Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Құрмалас сөйлемді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы,
Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Исмакова Ғалия Серікқызы

Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау.
Дамытушылық: Ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуға тәрбиелеу. Функционалдық сауаттылықты тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушылар алған білімдерін жүйелейді, құрмалас сөйлемді қайталау барысында топпен жұмыс жасайды, шығармашылық қабілетін шыңдайды, критерийлер арқылы тапсырмаларды орындап, білімдерін бағалайды.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, тарих.
Сабақтың әдісі: оқытудың 7 модулі, интерактивті, түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, мадақтау, қайталау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, презентациялар, плакаттар, суреттер, кеспе қағаздары.
Сабақтың қолданылған технологиялар: Сатылай кешенді талдау, сыни тұрғыдан, АКТ
Сабақта қолданылған модульдер: АКТ, Диалогтік оқыту, оқытуды бағалау және оқуды бағалау, қалай оқу керектігін үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
А) Амандасу
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тілі талай ұлға,
Қасиетті сол тілдің арқасында,
Ерікті ел боп алысқа қарайын да,
Ана тілім, күмбірле сарайымда, - деп Марфуға Айтқожина ақын жырлағандай сұлу да, көркем қазақ тілі сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберімізден бастайық.

Шаттық шеңбері
Білім алауға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне - мен!
Доспын енді сенімен
Достығымыз берік боп,
Бекітейік беріп қол.
Қуанышты шеңберге,
Қандай жақсы қол берген
Достарды біз қолдаймыз.
Белсенді жұмыс жасаймыз.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау, талдау, жинақтау барысында білімдерімізді бағалау үшін мына бағалау критерийлерге негізделесіңдер
Бағалау критерийлері:
«0» - материалды түсінбедім
«1» - материалды түсіндім, бірақ кейбір жерлерде ауытқушылықтар бар
«2» - материалды түсіндім, бірақ толықтырулар керек
«3» - материалды толығымен түсіндім.

14 - 15 ұпай – «5» деген баға
12 - 13 ұпай – «4» деген баға
10 - 11 ұпай – «3» деген баға
8 - 9 ұпай – «2» деген баға
Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетіп, нәтижесін көру үшін, мына биік шыңға жетуіміз керек. Ол үшін Мына кезеңдерден сүрінбей өтуіміз керек.
 «Білім мен дәстүр сыны»
 «Талаптыға нұр жауар»
 «Білек сүріндіре алмағанды – білім сүріндіреді»
 «Білімді жүйелеу»
 «Білімді бекіту»

Үй жұмысын тексеру «Білім мен дәстүр сыны» кезеңі
Бұл кезеңдегі тапсырмалар Наурыз мерекесіне байланысты болмақ. Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы суреттерді сәйкестендіріп құрастырғанда, Наурыз тойын тойлап жатқан ауылдың көрінісі бейнелеген сурет шығуы керек. Бұл қима қағаздарды құрастыру үшін, алдымен, әр қима қағаздың артында берілген тапсырмаларға оқушылар дұрыс жауап беруі тиіс.
Тапсырмалар орындау арқылы оқушылар өтілген тақырып бойынша алған білімдерінің және салт дәстүрімізді қаншалықты білетіндіктері анықталды. Қима қағаздарда екі сұрақ берілген.
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол неше түрге бөлінеді?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама