Құрметтей білейік
Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Құрметтей білейік
Мақсаты: оқушыларға «құрмет», «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үнтаспа, қағаздар, слайдтар, М.Әуезов сөзі, Төле би, М.Мақатаев суреттері.
Шаттық шеңбері
Барлық оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Үнтаспа арқылы М.Мақатаевтың «Анам маған...» өлеңі тыңдалады.
- Балалар, көңілді ән әуенін тыңдай отырып, үлкендерге жақсы тілектер арнайықшы.
(Балалар қол ұстаса отырып, тілектер айтады).
Сабақ тақырыбымен таныстырылады.
Мәтінмен жұмыс.
- Балалар, бүгін құрмет, құрметтеу, құрметке бөлену туралы әңгімелесеміз.
- Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге «Үш пайғамбар» кітабынан Төле би туралы аңызды оқып берейін.
Төле би туралы аңыз
«Үш пайғамбар» кітабынан
Бірде Төле биге Түркімен елінен елші келіп:
- Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз, - деп шақыра келеді. Жер шалғай болса да Төле би Түркімен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады.
Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.
- Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл.
Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:
- Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, - деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:
- Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят.
Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, - деді.
Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді. Төле би:
- Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, - деді қуанып. - Қарақтарым, қай ауылдың баласысыңдар?
- Сыйқым ауылының баласы едік.
- Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдар?
Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады.
Ол:
- Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шығар, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық, - дейді.
Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, - деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.
Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтарға жауап алынады:
• Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?
• Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?
Әңгімелесу
Оқушыларды құрмет пен сыйды ажырата білуге үйрету үшін «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды!» тақырыбында әзірленген шағын үзінді тыңдалады.
- Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адам да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Ата-ананы сыйлау – сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
- Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
- Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы
- Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
- Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
- Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас, туыстарыңды сыйлап жүріңдер.
Әке - тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана - жарық дүниеге әкелуші.
Сахналау
«Туыстар арасындағы сыйластық» тақырыбында өзгелерге ізет көрсету іскерліктерін дамыту мақсатында сахналау ұйымдастырылады.
Дәйексөз
«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.»
М.Әуезов
Жаңа ақпарат
«Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлау, адамдарды ардақтау, елі мен жерін, ана тілін құрметтей білуінен танылады» деген жаңа ақпарат оқушылардың білімдерін тиянақтай түседі.
Дәптермен жұмыс
Кімді, нені құрметтеуге тиіс? Өздерінің алақанының суреттерін салып, соған жазады.
Жүректен жүрекке
- Балалар, біздің мектебіміздің маңынан ақ сақалды қариялар өтіп бара жатқанын байқадық... Олар сый, құрметке лайық адамдар деп ойлаймын. Біз сабақтан «құрмет» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Мүмкін үйренгенімізді, көкейімізге түйгенімізді көрсетсек қалай болар екен? Сондықтан мен сендерге қалам-қағаз алып, құрмет дегеніміз не? деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөз жазып, аталарымыздың қоржындарына салуды тапсырамын.
(Балалар өздері жазған сөздерді дауыстап оқып, неге ол сөзді жазғанын ұғындырады да шеңберге келіп тұрады.)
Қонақжайлық белгісі «Шешендік сөздер» кітабынан
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
Түсіңіз деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,
Үшінші еткен құрметің.
Мейман риза болмағы,
Құрметпен үйге қонғаны.
Қонақжайлық сол дағы.
Мұғалім:
- Балалар, мен сендермен бүгінгідей мән-мағынасы терең, керемет сабақ өткеніме ризамын.
- Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы