Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құстар әлемі
Сабақтың тақырыбы: Құстар әлемі
2 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
2. Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру.
3. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу
4. Көрнекі құралдар: Құстар жайлы қанатты сөздер, сөзжұмбақ, құстар жайлы сюжетті көріністер.

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқу - құралдарын тексеру. Сабақта болмаған оқушыларды белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
1. Бүгін аптаның қай күні?
2. Бүгін нешесі?
3. Қазір қандай мезгіл?
Сабақтың ережесімен таныстыру:
* Бірін - бірі тыңдау;
* Ойын ашық айту;
* Сабаққа түгел қатысу;
* Ұйымшыл болу;
* Уақытқа бағыну.

ІІ. Үй тапсырмасы. 93 - б. Жаңа сөздерді жаттау.
Жаңа сабаққа психологиялық даярлық.
Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Құстар дегенде көз алдымызға не елестейді?
Құстар - біздің досымыз

Құстар

Тұмсығы ұзын
Досымыз
Ұшады
Дән, құрт - құмырсқа жейді

Жұмбақтар
1. Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты
2. Тұмсығы қашау, кәсібі - ұя жасау,
Ағашты қорғап, зиянкестерді асау.
3. Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын.
4. Биікке самғайды,
Бірақ ізі қалмайды
“Табиғат сырын
құстарда біледі”.
1. Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса, жел болмайды.
2. Қарғалар топталып қарқылдаса, аяз болады да, ал аспанда
ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.
3. Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы бұзылады.
4. Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады.
5. Құстар жер баулап ұшса, күн бұзылады.
6. Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық, оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты көз алдыңа елестетші... Еліміздің болашағы – білімді ұрпағымда. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып, бейбітшіліктің ақ құсы аспанда шарласын. “Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын”.
Құстар әлемі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама