Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Құстар айтысы
Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы
Сабақтың мақсаттары: 1) Мәтінді түсініп оқу арқылы негізі ойды ашуға көмектесу.
2) Бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен ізденуге, топпен жұмыс істеу, жоспар құру дағдыларын дамыту.
3) Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл, тату болуға, Құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, графика, топтастыру, салыстыру, сахналау, үш өлшемді әдіспен оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау журналы, мақал - мәтелдер, венн диаграммасы, Құстардың суреті, слайдтар, карта.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Ермек Серкебаев кім?
2) Шәмші Қалдаяқов ше?
3) Әнді кім орындайды?
4) Әннің әуенін шығаратын адамды кім дейміз?
5) Ал осы әнге сөз жазатын адам кім?
6) Қане, тағы қандай өнер түрін білесіңдер?

1 слайд.
- Бұл өнерді қалай атаймыз?
- Айтыс.
- Дұрыс айтасыңдар, айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар.
Демек айтыс - бұл жарыс. Өнер жарысы. Ал күнделікті өмірде сендер айтысасыңдар ма? Қай кезде адамдар арасында айтыс туады? Екі адамның келіспеуі, ойларының бір жерден шықпауы.
- Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.
2 слайд.
- Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)
Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар? Мысалы үнді шайы, үнді биі.
1) Ертегіні мұғалімнің оқуы.
2) Тізбектей оқыту.
3) Топтық жұмыс.
3 слайд.
I топ.
Мәтінге жоспар құрыңдар.
II топ.
Осы мәтін бойынша көрнекілік құрастырыңдар.
III топ.
Мәтіннен мағынасы түсініксіз сөздер табу.
4 слайд.
IV топ.
Маңғыстауда қандай құстар түрлері бар?
V. топ.
Мына мақалдардың ішінен бірлік, ынтымаққа байланысты мақал - мәтелдер табу.
VI топ.
Мәтінді сахналау. (Қарға мен көгершіннің айтысы)
5 слайд.
Сөздік жұмысы.
Жанжал - ұрыс, керіс.
Құсбегі – құс өсіруші, баптаушы.
6 слайд.
Мәтін мазмұнын графика түрінде көрсету.
7. Салыстыру.
- Сонымен бұл ертегідегі негізгі ой ынтымақ пен алауыздық екен.
- Олай болса, салыстырайық.
7 слайд.
Ынтымақ Алауыздық
Бірлік Сенімсіздік
Татулық, достық Келіспеушілік
Ауызбіршілік Араздық

8. Ситуациялық сұрақ. Дау.
Құстардың бәрін осылай аулай берсек, жер бетінде құс қалмаса не болар еді?
8 слайд.
9. Деңгейлік тапсырмалар.
I деңгей.
1. Мәтіндегі негізгі ойды тап.
а) Татулық ә) Алауыздық
2. Құсбегі деген кім?
а) Аң аулаушы ә) Құс өсіруші
3. Мәтіндегі құстардың атын жаз.

II деңгей.
1. Осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
а) Қиял - ғажайып ә) Шыншыл б) Хайуанаттар туралы.
2. Үлгіге қарап отыр.

III деңгей.
1. Ертегідегі оқиға байланысты мақал жаз.
2. Мәтіндегі қарғаға мінездеме жаз.
III. Үйге тапсырма.
Шығармашылық тапсырма.
Осы мәтін негізінде 5 - 6 сөйлемнен тұратын эссе жазу.
9 слайд.

IV. Қорытынды.
- Балалар, біз қай елде тұрып жатырмыз?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
- 130-дан астам.
- Балалар, осы ұлттардың басын қосып, береке - бірлікке шақырып отыратын Қазақстан халықтарының ассамблеясы бар. Ассамблея деген французша жиналыс деген мағынаны білдіреді.
Осы қоғамды басқарып отырған Н. Ә. Назарбаев.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама