Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Құстар – біздің досымыз
Тақырып: Құстар – біздің досымыз
Ұйымдастырылған іс - әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Сурет салу
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Жас бүлдіршіндердің құстар туралы білімін толықтыру, немен қоректенеді, қайда мекендейді. Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сиқыршы, сиқыр, шынайы

Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші балалардың көңілін сұрап, бір - біріне қарап күлімдеуді ұсынады.
Құстардың дауысы естіледі.
- Балалар, бұл ненің дауысы?
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстың дене мүшесін атаңдаршы?
- Қанат не үшін керек?
Ал адам ұша ала ма? Неге?
- Сендер құс болғыларың келе ме?
- Мен қазір Сиқыршы боламын. Сиқыр жасап сендерді құсқа айналдырамын.

Ұйымдастыру - ізденушілік
Музыка ойнайды.
Д. о. «Құстың мекені»

Тапсырма. Жемсалғыштың қасында түрлі тағамдар, заттар жатыр. Құстардың қорегін жемсалғыштың ішіне салу керек.

- Су ішкілерің келе ме? Құмыраның ішінде су бар екен, ішіп көріңдер. Тәжірибе: Құмыраның ішіне тас салса не болатынын анықтайды.
Жәшікті көріп:
- Қараңдар, мына жәшіктің ішінде не бар?- деп ашады. Ішінде торда отырған тотықұсты көреді.
Мысық шығып: Мяу, бұл менің құсым.
- Неге тотықұсты жәшікке салып қойдың. Оның иесі іздеп жүрген шығар.
Мысық: Мяу, жарайды, менің жұмбақтарымның шешімін тапсаңдар, тотықұсты жіберемін.
- Қай құстың мойыны ұзын? Қандай құс күндіз ұйықтайды, түнде тышқан аулайды? «Орман дәрігері» деп нені атайды? Қай құс бәрінен жоғары ұшады? Қандай құстың тұмсығы үлкен? Аяғы ұзын құсты атаңдар?
Мысық: Мяу, жарайды, бәрін таптыңдар, енді тоты сендердікі.
Тәрбиеші: Тотықұстың көңілі жоқ сияқты. Балалар, оның достарын жауыз сиқыршы дуалап қойыпты. Егер біз оларды боясақ, олар тіріледі, әдемі құс болады.
- Енді олар шынайы құс болды. Бізде шынайы бала болайық. Мен сендерді сиқырлап, балаға айналдырамын.

Қостанай ауданы білім бөлімінің «Алтын бесік» балабақшасы КМҚК
Тәрбиеші: Кеңес Н. Қ.
Құстар – біздің досымыз жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама