Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Құстар біздің досымыз

Өтілу мерзімі:
Баланың аты - жөні:
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі Құстар суреті, түрлі түсті қарындаштар, сурет дәптері.
Іс - әрекет кезеңдері
Шаттық шеңбері.
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар балалар, құстар екіге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына жатады. Ал үйлеріңде қандай құс бар?
Балалар енді сендер құстар туралы жақсырақ білу үшін келесі мағлұматтарды тыңдап алыңдар.
Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз - балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады.
Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.
Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді Қыстап қалатын құс Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»- деп атайды.
Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құс
Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады
Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.
Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Барлық құстарға ортақ қасиет олар ұшады. Қанаттары, мамықтары бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығы: құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды. Құстар өте пайдалы. Олардың етін, жүнін, мамығын, жұмыртқасын адамдар керегіне пайдаланады.
Д/О: Құстарға арнап ұя суретін саламыз.
Сергіту сәті
Күн болып шығамыз
Гүл болып өсеміз
Құстар болып ұшамыз
Көбелек болып қонамыз
- Өте жақсы балалар
Қорытынды:
- Балалар құстар нешеге бөлінеді?
- Екіге бөлінеді
- Қандай құстар болып бөлінеді?
- Ұй құстары және дала құстары
- Өте жақсы
- Балалар үй құстарының қандай пайдасы бар?
- Жұмыртқа береді, етін жейміз
- Ал дала құстарының қандай пайдасы бар?
- Табиғатты қорғайды
- Өте жақсы
- Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар
Осымен сабағымыз аяқталды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама