Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Құстардың қысқа дайындығы
Сабақтың тақырыбы: Құстардың қысқа дайындығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жыл құстары туралы білімдерін тиянақтау, құстардың қысқы қоректенуі жайлы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: тірі және өлі табиғат арасындағы байланысты ұғынуға мүмкіндік туғызу
Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарау көзқарасына, құстарға қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер.
Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ – жауап, СТО.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Табиғат ол – анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

ІІ. Өткенді қайталау.

а) Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады? Неге?
ә) Сен құстардың жылы жаққа ұшу себебін білесің бе?

Ой шақыру
«Ойлап тап»
Жұмбақтар.
Жасыл орман желекті,
Оның күтіп – баққаны.
Тоқылдатса теректі,
Құртын қуып жатқаны.
(тоқылдақ)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз баптаймыз.
«Бейбітшілік құсы» деп,
Қайсы құсты мақтаймыз.
(көгершін)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме.
Құстардың жылы жаққа кету себебі мен көктемде қайтып келу себебін білген оқушы ғана болашақта табиғатқа бақылау жүргізуге ұмтылады. Көптеген құстар ұшар алдында топталып жиналады. Олар бір жерден екінші жерге азық іздеп ұшады. Құстар егіс алқаптарындағы егіннің масақтарымен қоректенеді.
Оларды үркітпе, егістіктерден қуалауға болмайды. Оларға ұзақ жолға шыдау үшін күш керек.
Суретте бейнеленген құстар «жыл құстары» деп аталады.

ІҮ. Сергіту сәті.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Тамағы егер табылса,
Екі шоқып бір қарар.

Ү. Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Суреттегі құстарды атау. Олардың қыста немен қоректенетіні туралы айту.
Қыста құстар тіршілігінде қандай қиындықтар болады?
Сұрақтарға жауап беру:
1. Екі шоқып, бір қарайтын, кез келген қалдықты қорек ететін, қыстап қалатын қандай құс? (қарға).
2. Кішкене ғана бойы бар, қыс бойы секектеп қораның бәрін аралап, қиқым теретін қандай құс? (Суықторғай).
3. Орманда тіршілік етіп, ағашты тұмсығымен тоқылдататын не? (Тоқылдақ).
Бұл құстарды оқушылар тақтаға ілінген суреттер ішінен табады.
Мұғалім оқушыларға өлең оқып береді.
Суықторғай
Қалшылдатқан қыс мынау,
Әбігерге түстің - ау.
Торғай, торғай, тоңдың ба?
Тұра алмайсың орныңда?!
Бір қонасың, бір ұшып,
Отырасың бүрісіп,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама