- 10 қаң. 2020 00:00
- 215
Қисынсыз сөз, қысыр әңгіме
Досына бір құр мен бір балықты көрсетіп:
— Досым, сен мынаған сенесің бе? Мына балық судан басын шығарып құрмен сөйлесіп тұрған кезде бір оқпен бірдей атып
түсірдім, — депті.
Досы оған үндемепті. Ертесі аңшы ақталған тауық пен жүні жұлынған құсты көтеріп келіпті. Досы аңшыға:
— Бұларды да өзің атып әкелген шығарсың, — депті.
— Солай.
— Бірақ қалайша бұлардың жүні түсіп қалған?
— Тыңда! Мен айтайын, сену-сенбеу өз еркің, бұлар түнде киімдерін шешіп ұйықтап жатқан кезінде бір оқпен атып алғанмын, — депті.