Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану жайлы мағлұмат беру. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғануды күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету
І. Ұйымдастыру (2 минут)
1. 2. Топқа бөлу (1, 2 сандарына байланысты 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
1. Термо сөзі жайлы не білесіңдер?
Термоядролық реакция жайында не білесіңдер?
2. Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті сәуле шығарудың құрылымы?
3. Радиоактивті ыдырау заңының мәнісі неде?
4. Термоядролық реакциялар дегеніміз не?
5. Термоядролық энергетиканың болашағы неліктен зор?

ІІІ. Топтық жұмыс (15 минут) Жаңа сабақ (СЛАЙД) арқылы
D - шығарылған сәуленің жұтылған дозасы.

Е – жұтылған энергия
m – сәулеленген заттың массасы
Өлшем бірлігі 1 Гр (грэй)

Сәулеленудің экспозициялық дозасы. Рентгендік және гамма - сәулелердің құрғақ ауаны иондау эффектісі бойынша өлшенеді.
SI жүйесіндегі өлшем бірлігі 1Р.
1 Р=2, 58•10 - 4Кл/кг
1Р≈0, 01 Гр
Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады:
Dэкв=k•D
к – биологиялық эффективтік коэффициенті
Эквивалентті дозаның өлшем бірлігі зиверт - 1зВ Адам ағзасына сәулелердің әсері
Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері бар. Керісінше ультрадыбыстар кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультра-дыбыстық тексеру(сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультра дыбыстық тексеру жолымен адамның денесіндегі әр түрлі ауытқулар – қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.

Бұнымен бірге Рентгендік сәулелерде денелерден өту қасиеті практикада кеңінен пайдаланылады, медицинада диагноз қою үшін. Сынған сүйекті, адам денесіне кіріп кеткен оқты, инені, шегені т. б іш құрылысындағы кеселді анықтауды жеңілдетеді. Сырқат органдарды емдеу үшін қолданылады.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы,
№19 жалпы орта білім беретін мектептің
жоғары білімді, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Алманова Гүлсім Аманқұлқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама