Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Рационал сандарға амалдар қолдану
Тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Мақсаты: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының ережелерін қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Рационал сандарға амалдар қолдануға берілген есептерді шығара алады.
Негізгі идеялар: Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу ережелері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен сәлемдесу. +, -, *,: амалдары арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау, есептерді тексеру
Оқушыларға үлестірме қағаздар таратылады, сол арқылы ережелерді құрастырады.
Екі теріс рационал санды қосу үшін:
Қосылғыштардың модульдерін қосып, шыққан санның алдына «-» таңбасы қойылады.

Таңбалары әр түрлі екі рационал санды қосу үшін:
Үлкен модульден кіші модульді азайтып, шыққан нәтиженің алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасы қойылады.

Таңбалары әр түрлі екі рационал санды көбейту үшін:
Көбейткіштердің модульдерін көбейтіп, шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.

Екі теріс рационал санның бөліндісінің мәні оң сан.
Таңбалары әртүрлі рационал сандардың бөліндісінің мәні теріс сан болып табылады.

«Оң сандар мен теріс сандар тарихынан»
Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Күнкөріс қамы үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2, 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады.» Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Натурал сандар жиыны ең қарапайым сандар жиынының бірі болып табылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама