Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Рахмет саған, сүйікті Әліппем!
Рахмет саған, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін ортаға салу. Кітап оқу шеберліктерін, тақпақ айту мәнерін, есепке жүйріктерін, өнерлерін таныту.
Көрнекілігі: оқушылардың үлгілі таза дәптерлері, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин суреттері мен ұлағатты сөздері.

Барысы: Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар, қонақтар! Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғаш рет қолдарына ұстап, әріп танытқан оқулығы «Әліппемен «қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Хош келіпсіздер дей отырып,»Рахмет саған, Әліппе!» атты мерекемізді бастайық.
Оқушылар біртіндеп кіреді. Әр оқушыға өлең арнау арқылы аттары аталғанда ғана кіреді.
2013 - ші жылдың түлектері,
17 - нің жүректері,
Қуаныштан жарылардай,
Орындалды тілектері.
Әріптің бәрін меңгеріп,
Әліппені теңгеріп,
Қоштасқалы тұр енді
Таныстықты жөн көріп.
Шапалақты қағыңдар,
Таныстырам, құп алыңдар.

1. Адалдықты қамал қып,
Ақ жұлдызды тағынған.
Шынайы асыл адамдық,
Тоғжанымнан табылған.

2. Бірте - бірте білінбей,
Биіктеп бойы ұзарып.
Дидарымдай жігіттер.
Тұрады оттай қызарып

3. Көктеген әсем гүлдердей,
Балапан бала бұрымың.
Аз болар қызым Меруерттей
Сүйкімді, әрі сұлуым.

4. Маңғаздық, әрі сабырлық
Асылханнан табылған.
Кейде айтар сөзді нық,
Аппағым тұрар алдымнан.

5. Серпілтіп туды көтерер,
Асылан дара жасынан.
Сөзі дара, өзі нық,
Тәрбие дұрыс басынан.

6. Өр даусы жұртты үйірер,
Дарханым менің сұңқардай.
Жазуы маржан сүйсінер,
Кейде қырсығып қалғандай.

7. Саржан балам биязы,
Тұнып қалған бұрқанбай.
Алыста кейде қиялы,
Бұзады кейде талқандай.

8. Келбеті қандай келіскен,
Илияс толқып тұр іштен.
Берілген оқу, сабаққа,
Дарынды ғой әр істен.

9. Қара көз, сұлу Айзере,
Беделі биік сыныпта,
Әдемі жазу, жоқ қате,
Ешқашанда қамықпа.

10. Қарауға көз тоймаған,
Жанары жаздай Жансая.
Өз дегенін қоймаған,
Білімімен ол сая.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама