Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Ресей Қазақстанда орыс мектебін ашады: Желі қолданушылары жаппай қарсылық білдірді

2023 жылдың қараша айында Ресей президенті Владимир Путин Тоқаевтың шақыруымен Астанаға ресми сапармен келді. Қазақстанның оңтүстік үш облысына, атап айтқанда Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында орыс тілін тереңдетіп оқытатын қазақ-орыс мектептерін ашу туралы ұсыныс осы сапардан кейін айтылды.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Қазақстандағы мектеп ашу туралы ойын айтып:«Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде оқытатын үш мектеп салу мәселесін талқылауды бастадық», - деген болатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың 19-шы өңіраралық форумында.

Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрғаны үшін алғыс айтқан болатын.

Білім министрі Ғ.Бейсембаевтың ойынша оңтүстік өңірдегі мектеп тапшылығы мәселесімен осылай күреспек екен.

«Қазақстанның оңтүстігінде үш ауысымда оқитын мектептер көп. Бұл үлкен облыс, сондықтан, әрине, ол жақта мектеп салуға қолдау көрсетуіміз керек. Негізінде бізде (Қазақстанда – ред. ескертпесі) аралас мектептер немесе орыс тілінде оқытатын мектептер бар», - деді министр Ғани Бейсембаев.

Мектептер кімнің есебінен салынады? Министрдің айтуынша, Қазақстан орыс мектептері Ресей бюджеті есебінен салынады. Құрылыстың құны әзірге ешкімге белгісіз.

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары бұл мәселеге жаппай қарсылығын білдіріп жатыр.

infohub.kz

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама