Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Мақсаты:
Білімдік: Ресми іскерлік қатынастағы сөйлеу тілінің сөз бедерін ұғындыру
Дамытушылық: Ресми қарым-қатынаста қолданылатын сөз орамдарының ерекшелігін білгізу
Тәрбиелік: Коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру

• Сабақ түрі: Жаңа ұғымды беру
• Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
• Пайдаланылған әдебиеттер:
• А.Қабылова Сөз мәдениеті.
• Н.Уәлиев Тіл мәдениеті.

Сабақ барысы:
• Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
• Үй тапсырмасын сұрау.
• Публицистикалық стильдегі сөз бедері қандай формада кездеседі?
• Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер қолданылады ма?
• Терминдер мен қаратпа сөздер, одағайлар мен қыстырма сөздер кездесуі мүмкін бе?

Жаңа ұғымды беру
Іскерлік қарым-қатынастағы сөз бедері
• Адамдардың іскер ортадағы немесе қызмет бабындағы қарым-қатынасы күнделікті тұрмыстағыдан ерекше екені белгілі.
• Адамдардың кәсібі мен мамандығына байланысты қарым-қатынастың бұл түрі ресми сипатта болады.
Ресми - іскерлік қатынастағы сөз бедерінің сөйлеу тіліне тән белгілері:
• 1.Қолданыс сипаты - ресми.
• 2.Қолданылу аясы - мекеме, білім ордалары, ресми сипаттағы саяси, ғылыми, қоғамдық іс-шаралар, жиындар, т.б. іскер орта.
• 3.Мақсаты – тілдесу (ресми ақпарат, хабар алмасу, әр түрлі мәселелерді ресми деңгейде шешу, т.б.)
• 4.Еркіндікке ерік бермейтін ресми жүйелілік.
• 5.Заңдастырылған нақты жүйе.
• Ауызша және жазбаша тіл арқылы жүзеге асатын ресми қарым-қатынаста тілдесімнің қоғамдық қызмет, әлеуметтік қызмет, мағлұматты қызмет, танымдық қызмет түрлері кеңінен өріс алады.

Жаңа тақырып бойынша практикалық тапсырма
193-жаттығуға синтаксистік талдау жасау.
• Ескерілетін талаптар:
1.Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлеріне ажырату.
2.Құрылысына қарай ажырату.
3.Жай сөйлем түрлеріне қарай ажырату.
4.Сөз тіркесіне (еркін, тұрақты) ажырату.
5.Сөздердің байланысу түрлеріне(қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ажырату.
6.Сөздердің байланысу тәсілдеріне (жалғаулар, септеулік шылаулар, интонация және орын тәртібі арқылы) ажырату

Сабақты бекіту: Іскер орта мен қызмет бабындағы қарым-қатынаста ресмилік сақталады.
Үйге тапсырма:
• 192-жаттығу мәтіні бойынша жеделхат, хабарлама үлгілерін даярлау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама