Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
С дыбысы мен әріпі. Қайталау
Сауат ашу
Тақырыбы; С дыбысы мен әрпі. Қайталау
Мақсаты: 1. Оқушылар өтілген дыбыстарды қайталау арқылы білімін бекітеді.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорын молайтады,,
байланыстырып сөйлеуге дағдыланады.
3. Еңбекке тәрбиелеу тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Көрнекті құралдар: дидактикалық материалдар, суреттер, интерактивті тақта,

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды 4 топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Жеке оқушылармен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту Ой қозғау
Судан ол қорқады,
Бұдан кір қорқады. ( сабын)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйырығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.(сәбіз)
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.(сөз)
Әр топ өзіне берілген дыбыстарға топтастыру жасау.
Оны топтан 1 оқушы шығып, қорғайды.

ІІ. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс,
1 - топ; Жұмбақ шешеді
Тілі бетінде,
Сөзі шетінде (сағат)
2 - топ:
Осы жұмбақ шешуіндегі сөз қандай дыбыстан басталып тұр?
Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3 - топ:
Тақырыптық сурет бойынша сөйлем құрату
Сынып таза, әрі кең. Сыныпта біз сабақ оқимыз.
4 - топ:
Бағандағы сөздерді оқу.

1 - топ: Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат беру, жауап беруге үйрету.
С - тіл алды, қатаң, ызың дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп, сөздің барлық буынында кездесе береді.
С әрпінің жазылуын еске түсірейік.
С әрпі қалай жазылады?
С әрпі бас әріп және кіші әріппен тұрады. С әрпі бір ғана элемент доғал сызықтан тұрады.. Бас әріп үлкен жолдың ортасынан оңнан солға қарай төмен доға сызықпен жазылады.
Кіші с әрпі жазу жолының үстіңгі жағынан басталып, оңнан солға қарай доға сызықпен жазылады.
І - ТОП: бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту
2 - топ: «Бірлесіп сурет жасау» стратегиясы
«Саймандар»

ІІІ. Ойтолғаныс: «Қай буынды жоғалтым?»
Са.. су... сай...
Са..... су.... сай...
Әріптер әлеміне саяхат

С - Ш дыбыстарының айтылуы өте ұқсас болады. Оларды ажырата білу керек. Оларды айтып үйренейік. Өлеңдегі с - ш дыбысы бар сөздерді айтып бер.
Гүл өседі,
От өшеді.
Ағашты кеседі,
Суды кешеді.
Киімді пішеді.
Сабаны піседі.
Еңбек еселі келеді,
Қарттар көшелі болады.
Әр елдің көсемі болады.
Суырылған шешені болады.
Әрбір суреттің атауынан С дыбысын тапта, оны орына жазып көрсет
Сақина, сағат, бес,

ІІІ. Ой толғаныс:
«Қай буынды жоғалттым?»
Са... су... сау...
Са... су.. сау...
Суреттермен жұмыс
С дыбысы қай үйдің тұрғыны?
“Ойлан тап”ойыны
Суреттер қатарынан атауы с дыбысынан басталатын сөздерді көрсет
Сағат, жылқы, қалам, сиыр, сақина, білезік, сегіз, сан
Қорытындылау: Біз не үйрендік?
Бағалау:
Өзіндік бағалау: Оқушылар өздері белгілер бойынша таңдайды

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама