Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«С» дыбысы мен әрпі
Сауат ашу 1 - сынып Сабақтың тақырыбы: «С» дыбысы мен әрпі 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: «С» дыбысы мен, әрпімен таныстыру. 
«С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. 
2 Дамытушылық:. Қол жаттықтыру «c» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру, кіші бас әрпін жазуды үйрету. 
3. Тәрбиелік: Балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру, имандылыққа тәрбиелеу, дүние танымын кеңейту. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, көрнекілігі, талдау, суреттер, сұрақ – жауап т. б. Сабақтың түрі: жаңа білім беру. Көрнекілігі: кеспе әріптер, с дыбысына байланысты суреттер, әңгіме тексі, сөзжұмбақ, т. б 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа назар аудару. 
II. Өткенді қайталау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс? 
1) Парақшалармен жұмыс. - Сөз айту. – Сөйлем құрату., түсіндіру. 
2) Кеспе әріптерден сөздер құрату: ана, нан, ата, шана, айна, бала, шай, мата. 
3) Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Су құйғанда өседі. 
III. Жаңа сабақ: «С дыбысы мен әрпі». 
1) Жұмбақ жасыру. Сыртылдайды күнімен, Сыртылдайды түнімен. Білгің келсе уақытты, Көрсетеді тілімен. ( Сағат ) - Бұл не? Сағат. 
2) Ой ашар. Әңгіме тексін оқып бүгінгі дыбысты анықтау. - Баланың аты кім? 
– Самат. – Жылан қалай ысылдайды, қандай дыбыс естіледі?
– Жылан с – с – с деп ысылдағанда с дыбыс естіледі. 
– Дұрыс. Енді с дыбысын бірнеше рет қайталап айтайық. - «С» қандай дыбыс? Дауыссыз дыбыс. 
– Оны қайдан білдіңдер? Неге? 
- Өйткені ол созылып айтылмайды. 
– Әңгімедегі баланың аты кім? Самат. 
– Енді біз әңгімеге ат қояйық. Не деп қоямыз? Самат деп. 
- «С» дыбысы сөздің қай жерінде естіліп тұр? 
– «С» дыбысы сөздің басында естітіп тұр. 
Мұғалім: Кеспе әліппеден « С» дыбысының әріп таңбасын көрсетіп таныстыру.
– Мынау «С» үлкен, «с» дыбысының кішкентай жазба түрі. 
– Ал мынау баспа түрі Сс үлкені мен кішісі. Дыбысты естиміз, әріпті көзбен көреміз, жазамыз. 
IV. Ой қозғау. 
– Еліміздің президенті кім?
- Осы Нұрсұлтан сөзінде «с» дыбысы сөздің қай жерінде тұр? 
- Желтоқсанның төртінде не болды? 
- Сендер кімді сайлар едіңдер? - Ал ол кісінің зайыбы кім? 
V. Оқулық пен жұмыс. Бағандағы Сөздерді оқыту. Мағынасын түсіндіру. 
1. Сөйлем құрату. 
2. Диалогты оқыту. 
VI. Дәптермен жұмыс. 
1. Жазу жолындағы әріптерді жазу. 
2. Мына сөздерді буынға бөліп талдаймыз. Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сағат, қасық, сәбіз, сағыз, кесе, бас, су. 
Сергіту сәті 
1. «Ойлан, тап» ойыны. Ойын ережесін түсіндіру. Әр дыбысқа байланысты суреттерді алу және сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама