Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
С дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле

Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.
2. Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.
3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ұлттық киімдер мен бұйымдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу рәсімі. «Тілек шеңбері»
Балалар тілек шеңберінде бір - біріне жағымды тілек білдіріп, жарқын көңіл - күй, достық сезімін сыйлайды.

ІІ. Қайталау:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?
- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.
- Буындар: ба, бо, бу, би т. б.
- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т. б.
- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал - ға, ба - ла - пан, ба - нан.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Аптаның қай күні? (Сәрсенбі).
- Сәрсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.
С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.

Жұмбақ шешу.
Сақинаны, сандықты, Бастап тұрған қай әріп?
Сәукелені, садақты. Сансыз орақ тәрізді. /С/

Кіруге адам батпайды,
Аман - есен сақтайды. /Сандық/

Сандық - сөзін буынға бөлгізу, дыбыстық талдау жасату.
«Ақшамшық» (сақина салу) ойыны: С әрпінен басталатын сөз ойлау.

ІV. Дәптермен жұмыс:
- Ауада жазу.
Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.
«Шай ішу» ойыны: ою - өрнекпен өрнектелген кеселердің сыртына жазылған сөздерді оқыту, дыбыстық талдау жасату. Сырмақ, сақа, сыр, сиыр, сүзбе, асық, сүт.
Дыбыстық талдау: с - дауыссыз, ү - дауысты, т - дауыссыз
Сергіту сәті:
«Ұшты - ұшты» ойыны.
Ұшты, ұшты – торғай ұшты! (ұшады)
Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады).
Ұшты, ұшты – балық ұшты! (ұшпайды).

VІ. Ойын «Екінші буыным қайда» суретті көрсетіп екінші буынын айтқызу. Тас - бақа, Жан - гүл......

VІІ. Қорытындылау.“Ақсүйек” ойыны:
С әрпінен басталатын суретті атау, жазу, дыбыстық талдау жасау.

Сабақты бекіту. Сұрақ - жауап арқылы.
Қыздар құлағына тағады - Сырға.
Қыздар басына киеді - Сәукеле.
Қыздар қолына тағады - Сақина.
Уақытты көрсетеді - Сағат.
Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын - Сүт.
Сызуға арналған құрал - Сызғыш.
Мектепте не оқимыз - Сабақ.
Кітаптарды қайда саламыз - Сөмкеге.

Балаларды мадақтау, бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама