Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
С дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
«С» дыбысының айтылуы артикуляциясымен таныстыру, басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді
буынға дұрыс бөлуге сурет арқылы заттың атауын білуге үйрету; ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қағаздан қиылған буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі, жұмбақтар жинағы, шаблондар

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау кезеңі.
Ынтымақтастық қарым – қатынас қалыптастыру.
Ерте тұрып, күнде мен, Айналама қарасам,
Тереземді ашамын. Ғажаптар қаншама.
Сәлем деймін күнге мен, Сан жетпейді санасам,
Шаттық әнге басамын. Сәлем деймін баршама!
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ – жауап алу
 Кеше қандай әріппен таныстық?
 Ол қандай дыбыс?
 Неге?
 Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
 Басында келетін сөз ойлайық.
 Ортасында келетін сөз ойлайық.
 Қазіргі заманда адамдар қандай болып тұрғысы келеді.
 Басты байлық не?
 Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
 Үй тапсырмасы бойынша «Б» дыбысына байланысты сөздерді оқып келдік пе?
Ойын: «Балық аулаймыз» тікелей жауап сауалнамасы.
бақша – сөзінде неше дыбыс бар? Неше буын бар? б - дыбысы нешінші буында?
балға – сөзін мағынасын түсіндір, сөзді буында, тақтаға жаз, дауысты дыбыстың астын сыз.
бақа - сөзін буында, тақтаға жаз, дауыссыз дыбыстың астын сыз.
арба – сөзінде неше әріп? Неше буын? б – дыбысы нешінші буында?
Айбол – сөзі нені білдіреді? Бұл сөз неге үлкен әріппен жазылған?
Сергіту сәті
Видео ролик
ІІ. Орындаушылық кезең.
Қызығушылықты ояту
 Балалар, біз бауырсақ ертегісін білеміз бе? (бір оқушы ертегіні айтып береді)
 Бауырсақ ертегісіндегі ата бүгін тағыда бауырсақ жегісі келіп отыр екен. Әже атаға: «Егер менің жұмбағымды шешіп берсең, мен саған бауырсақ пісіріп беремін» депті.
 Атаға жұмбақ шешуге көмектесеміз бе?
 Ендеше, әженің жұмбағын тыңдайық
Жұмбақ жасыру
Ұзынды – қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл. (Сағат)
 Өте жақсы балалар!
 Сағат деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
 Дұрыс – ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс – «С» дыбысы мен әрпі.
 «Сағат» сөзін кім буынға бөледі?
 Неше буыннан тұрады? Неге?
 С дыбысы қай буында тұр?
 Өте жақсы. Мынау – С дыбысының баспа және жазба түрлері. «С, с» дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгі кедергі арқылы шуылдап шығады (хормен дауысты төмен және жоғары көтеріп айту). С дыбысы – дауыссыз дыбыс. (үйшігіне орналастыру) С дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді.

 Балалар, әже бауырсақты пісіріп, терезенің алдына қойып еді, бауырсақ қашып кетіпті.
- Енді не істейміз?
- Орманда. ы аңдар жеп қоятын болды.
- Бауырсақты ормандағы аңдарға жегізбей атаға апарайық. Ол үшін аңдардың тапсырмасын орындаймыз.
Қоянның тапсырмасы:
Дәптермен жұмыс.
С С С С
с с с с
Аюдың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс
Суретпен жұмыс. (оқушыларға суретке байланысты әңгіме құратамын)
Бағандағы сөздерді оқу хормен оқу.
Тізбектеп оқыту.
Қоян шаршады балалар демалып алсын. Сергіту сәті
Әуенмен қимылдау. (То не э проблема)

Тиіннің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.
сана сана сана сана
Саттар Саттар Саттар
Қасқырдың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.
 Сара, сабаққа бар. – Асан, сағат қайда?
 Сара қайда? - Сағат, қалтамда.
 Ол сабақта. – Ол – қалта сағат.

Қоян шаршады балалар, тағыда демалып алсын. Сергіту сәті

Әуенмен қимылдау. (Көңілді жаттығу)
Түлкінің тапсырмасы: Тақтамен жұмыс.
Сара сабақта. Ол сабақта.
ІІІ. Рефлексиялық кезеңі
Түлкінің тапсырмасы: Ойын: «Жоғалған әріп»
Са... ақ, с... ғат, ма... а, са... а, д... с.
Түлкі: - Мына балалар сабақты жақсы біледі екен. Жарайды мен бауырсақты жемей - ақ қойдым. Аталарын жесін.
 Балалар, сендер тапсырманы жақсы орындаған соң түлкі бауырсақты жемей кетті. Енді бауырсақты ата мен әжеге апарып беріңдер.
 Апарып беру үшін менің тапсырмамды орындайсыңдар.
 Біз бүгін қандай әріппен таныстық?
 Сс дыбысы туралы кім айтып береді?
 Сс дыбысы басында келетін сөз ойла?
 Сөзде неше буын бар?
 Неге?
 Сс дыбысы сөздің қай буынында келіп тұр?
 Осы сөзге сөйлем құрастыр?
 Сөйлем неше сөзден тұрады?
 Тақтаға схемасын жаз.
 Осы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
 Лепті сөйлемге айналдыр.
 Өте жақсы балалар! (Бауырсақты ата мен әжеге апарып береді)
Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау арқылы бағалаймын.
Сабақтың аяқталғанын хабарлаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама