Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
С. Торайғыров Кедей
Сыныбы: 3 «Е»
Пәні: Әдебиеттік оқуМұғалімі:
Сабақ тақырыбы:С. Торайғыров Кедей
Сілтеме Әдебиеттік оқу 96 - бет
Жалпы мақсаттары:Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу. 
Оқу нәтижесіСұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта отырып, өлеңдегң негізгі ойды біледі.
Өлеңннің мазмұнын түсінеді.
Өз ойларын еркін жеткізе алады. 
Негізгі идеяларСабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады
Тапсырма көздері
  • Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары
  • Сыни тұрғыда өлеңді талдау
  • Ашық сұрақтар беру
Ресурстар Суреттер, смайликтер, кесте
Сабақтың түріАралас сабақ
Әдіс – тәсіліКім біледі?, ой қозғау, миға шабуыл, ой толғаныс
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
 Сәлемдесу, түгендеу
Зейіндерін шоғырландыру
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп - ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Үй тапсырмасын сұрау«Күлпаш» мәтіннің мазмұнын сұрау, қосымша сұрақтар қою.
Бағалау
«Кім біледі?» әдісі
  • - Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
  • - Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
  • - Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
  • Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті? 
Сабақтың ортасыСабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау
Ой қозғау
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесіңдер?
Сұлтанмахмұт Торайғыров - талантты ақын әрі жазушы
Ол 1893 жылы Ақмола облысы, Қызыл ту ауданында дүниеге келген. 1920 жылы дүниеден озған. Оқуға, білімге шақырған ақын. «Шәкірт ойы, Оқығандағы мақмат не?, Қамар сұлу»
Сүйемін туған тілім - ана тілін
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Оқулықпен жұмыс
Өлеңді түсініп оқу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Кедей»
Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа.
«Миға шабуыл» әдісі
  • Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
  • Кедей деп кімдерді атаған?
  • Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?
  • Бұл оқиға қай кезде болған
Шығармашылық тапсырма
Салыстырып, дәлелде. Ақын суреттегеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.
І топ ІІ топ
Қазір кедей адам жоқ.Қазіргі кезде де кедей
адамдар бар.
Сабақтың соңыОй толғаныс
Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?
Қазіргі жағдаймен сол кездегі ашаршылықты салыстыра аласың ба?
БағалауРефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Үйге тапсырма«Кедей» жаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама