Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сабаққа қатысу кітапшасы
ЖШС «Silk Way мектеп – лицейі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Мусиева Акмарал Койшекеновнаның

БАҚЫЛАУ ДӘПТЕРІ
Ұстаз – ұрпақ мақтанышы.
Үйрету – мақсат,
Үйрену – міндет.
Ұстаздық еткен жалықпас.
Талап – талмас қанат.
Білім – қымбат,
Білу қиын.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабыр түбі – сары алтын.
Ғылымға ұмтыл, білмегеніңді үйрен,
Білгенің болса, өзгеге үйрет.
Өнерліге өріс кең.
Жақсы көру – жақсы қасиет.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:
1. Үш мақсатты дұрыс таңдай алуы (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік);
2. Сабақ мазмұнының ғылымилығы;
3. Сабақта оқыту процесінің жүйелілігі, бірізділігі, сабақтастығы;
4. Оқытушының сабақты түсінікті беруі;
5. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, оқуға жақсы көзқарас қалыптастыру, білім қажеттіліктерін қанағаттандыруы;
6. Оқытудың саналық және өз бетімен жұмыс жасау, оқушылардың ой іс - әрекетін белсендіру қағидаларын жүзеге асыра алуы;
7. Оқыту әдістері, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыру түрлерін оңтайландыру (оптимизация);
8. Ақпараттық құралдарды пайдалану;
9. Саралап, жекелеп оқыту түрлерін қолдануы;
10. Қолайлы жағдайлар туғызу (санитарлық - гигиеналық, моральды – психологиялық);
11. Сабақ қорытындысының нәтижелілігі (оқу – тәрбие процесінің біртұтастығы және толықтығы);
12. Оқушылардың ой – саналық дамуы;
13. Мұғалімнің сабағына дұрыс баға бере алуы, өзін - өзі талдауы.

Өзін - өзі талдау.
Оқытушы өз сабағын талдау кезінде
төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет:

1. Бұл сабақтың ерекшелігі неде?
2. Бұл сабақты жоспарлауда оқушылардың қандай ерекшелігі ескерілді?
3. Сабақта қандай жаттығулар шешілді? Олардың құрамдылығы мен өзара байланысы қамтылады ма? Тапсырмалар бойынша сыныптар және кейбір оқушылар тобының ерекшеліктері қалай ескерілді?
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде есептелген уақыттар дұрыс бөлінді ме? Сабақ кезеңдері арасындағы байланыстық қисынды болды ма?
5. Сабақтағы негізгі мәселе қандай мазмұнда (қандай түсінікте, ойда, талапта, мақсатта) және неге?
6. Жаңа тақырыпты жеткізуде қандай әдістеме үйлесімділігі таңдалды?
7. Жаңа тақырыпты түсіндіруде қандай оқыту түрлері үйлесімділігі таңдалды және неге?
8. Оқушылардың білімділік, іскерлік пен дағдыларды меңгерудегі бақылаулар қалай ұйымдастырылды? Қандай бақылау түрімен және әдістемесімен жүзеге асты? Неге?
9. Сабақты оқытуда оқу бөлмесі қалай қолданылды, қандай оқыту құралдары пайдаланылды? Неге?
10. Сабақтың бойында оқушылардың жоғары деңгейдегі жұмыс жасаушылығы ненің есебінен орындалды?
11. Ойламаған жағдайларға қандай қосымша «шаралар» ойластырылды?
12. Алға қойған мақсаттарға жету жүзеге асты ма? Егер жүзеге аспаған мақсатты орындауды оқытушы қашан жоспарлауды ойластырған?

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама