Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдің түрлері
«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдің түрлері»
«Сабақта қолданылатын интербелсенді әдіс - тәсілдің түрлері» тақырыбындағы аймақ мұғалімдерімен жүргізілген шеберлік сыныбы
«Маған айтшы - мен ұмытып қаламын; маған көрсетші - менің есімде қалады; өзіме істетші - мен сонда түсінемін»(Қытай мақалы)

Мақсаты:
• Сабақ өткізуде оқушы белсенділігінің әсерін арттыруда,
• әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауда,
• жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну;

Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде
• тиянақты білім;
• қиялдау мен шығармашылық;
• тез тіл табысу;
• белсенді өмірлік көзқарас;
• командалық рух;
• жеке; дербестік құндылық;
• өз пікірін білдіру, еркіндік;
• іс - әрекетке ерекше назар аудару;
• өзара сыйластық дағдылары дамиды

Әдіс түрлері:
 Ойын түрлері;
 Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
 Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;
 Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
 Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
 Оқыту мәселелері.

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.
3. «Миға шабуыл» стратегиясы
(Мұғалімдермен жұмыс)
Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
4. “3 таяқша” әдісі
(мұғалімдермен жұмыс)
Берілген тақырыпқа байланысты
1 сұрақ
1 жауап
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”
5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс)
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.
Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.
«Әдіс алмасу үшін.»

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

7. «Он сұрақ!» әдісі.
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру)
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
8.«Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама