Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Портреттегі түс. Орындалу техникасы" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.
Оқу мақсаты: 6. 1. 1. 1 - Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе - теңдік) түсіну және білімін көрсету
6. 2. 1. 1 - Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану
Сабақ барысы.
Оқушылар портретті түсте салады. Оқушылар автопортрет орындайды. Форматты оқушының қабілетіне қарай таңдаған дұрыс. Тапсырманы орындау барысында саралау ұсынылады. Оқушылар түсте орындау үшін материалдарды өздігінен таңдайды.
Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын бейнематериал тамашалап, қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарға жауап берулері қажет. Практикалық тапсырма барысында оқушыларға қолдау көрсетіп, портреттерін салуды суретшілердің тәжірибелеріне сүйенуге болады.
Практикалық тапсырманы ұйымдастыру кезеңдері:
Оқушылар автопортрет немесе өзге портреттің түрлерінің эскизін орындаған соң, портретті түсте орындаудың шарттарына тоқталып өтіңіз. Практикалық тапсырманы ұйымдастыру үшін алдын ала көркемдік материалдарды дайындау қажет. Портретті түсте орындауға арналған көркемдік материалдарды таңдауда шектеу қою ұсынылмайды. Оқушылардың қарым - қабілеттеріне қарай кез келген техникада орындай алады. Немесе аралас техникада да орындалған портреттердің түрлерін көрсетіңіз.
1. Портреттің эскизін салу;
2. Оны түсте орындау;
3. Атауын қою;
4. Әсемдеу(рамка, багет, әйнек астына салу және т. б.)
5. Таныстыру.
Бағалау
Сабақтың бағалау критерийлеріне оралып, оқушылардың қандай бағалау критерийлеріне қол жеткізгенін қарастыруды сұраңыз. Егер де оқушылар бағалау критерийлеріне қол жеткізбеген жағдайда себебін анықтап, практикалық жұмысты жоспарлаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз.
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
бүлінген немесе өтпейтін құрал - саймандармен жұмыс істемеу;
жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Толық нұсқасын жүктеп алу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама